Түркістандық мұғалімдер «Үздік педагог-2021» байқауында жеңімпаз атанды

0
931

Республика бойынша 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік болды.


Түркістандық мұғалімдер «Үздік педагог-2021» байқауында жеңімпаз атанды

Түркістан облысының 4 мұғалімі 2021 жылдың үздік педагогі атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, Түркістан облысының төрт мұғалімі үздіктер қатарынан табылды. Биылғы «Үздік педагог» байқауы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылып, ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығымен тұспа-тұс келді.


Түркістан облысы, Сарыағаш қаласындағы №4 мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов, Жетісай ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтынай Пазылова, А.Исмаилов атындағы кәсәптәк колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Мұхтар Мырзаев пен Мақтаарал ауданы, Т.Әубәкіров атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Тәрбие Әлібекова еліміздің ең үздік ұстаздары атанды.


Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы лауазымына Рақымбек Жолаев «Үздік педагог-2021» республикалық байқау жеңімпаздарын құттықтап, оларға алғыс білдірді. Еліміздің үздік педагогтеріне төсбелгілер тағылып, 3 млн теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сертификаттарды табысталды. Республика бойынша 64 мектеп мұғалімі мен колледж оқытушылары үздік атанды.