Түркістандық оқушылар әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды

0
56

Түркістан NIS-те алғашқы бітірушілер мектептен түлеп ұшпақ.


Түркістандық оқушылар әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды

Түркістандық түлектер әлемнің үздік университеттеріне шақырту алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында орналасқан химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бітіруші түлектері үлкен жетістіктерге жетуде. Нақтырақ айтқанда, 12 «К» сыныбының оқушылары – Гайдаенко Алихан мен Каримжанова Дильнура әлемдік университеттердің QS рейтингісінде топ 50-ге кіретін беделді жоғары оқу орындарынан шақырту алды.


Гайдаенко Алихан Канаданың Ванкувер қаласында орналасқан Британдық Колумбия университетіне (UBC) қабылданды. Бұл білім ордасы – Канададағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі, білім беру мен зерттеулер саласындағы көшбасшы. UBC ғылым мен технология саласында білікті мамандар дайындайды.


Ал, Каримжанова Дильнура Азияның үздік университеттерінің бірі – Гонконг политехникалық университетінен (PolyU) шақырту алды. PolyU – әлемге танымал инновация және технология орталығы. Бұл оқу орны болашақ мамандарды заманауи ғылым мен өнеркәсіптің ең озық талаптарына сай дайындайды.


Айта кетейік, биыл Түркістан NIS-те алғашқы бітірушілер мектептен түлеп ұшпақ. Қазіргі таңда оқушылар сыртқы жиынтық бағалау емтихандары мен жоғары оқу орындарына түсу рәсімдеріне қызу дайындық үстінде.

Бөлісу