Түркістандық оқушылар Дубайда жеңімпаз атанды

0
255

Ұстаздардың біліктігін көтеру, оқушыларды жаңа тәсілдермен білімге баулу бастамалары өз жемісін беруде.


Түркістандық оқушылар Дубайда жеңімпаз атанды

Түркістандық оқушылар Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарысқа қатысып, жүлдемен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында білім саласына қолдау көрсетіліп, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Ұстаздардың біліктігін көтеру, оқушыларды жаңа тәсілдермен білімге баулу бастамалары өз жемісін беруде.


Түркістан облысы, Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты №7 "Тұран" мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары Жандарбек Інжу және Беркімбай Асылзат Біріккен Араб Әмірліктерінде менталды арифметикадан өткен халықаралық жарысқа қатысып, жүлдемен оралды. Қазақ елінің абыройын асырған қос чемпион өңірде білімді оқушылар шоғыры бар екенін дәлелдей білді.