Түркістандық оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты

0
549

Әлгіндей қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытқан.


Түркістандық оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты

Түркістандық оқушылар газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы жылдары елімізде түрлі жағдайда газ бен түтіннен улану оқиғасы жиілеген. Осындай жағдайға жол бермеу мақсатында Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Ерсат Әнуар мен Әлғани Сералы информатика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Салтанат Ұятбаеваның жетекшілігімен газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапқан.


«Қазіргі кез – цифрлы технология заманы. Аталмыш технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау керек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Балалар үйде жалғыз қалған жағдайда газдан ақау немесе түтін шықса, құрылғы дабыл қағады. Кейін ата-ананың мобильді телефонына қауіпті ескертетін смс хабарлама жолданады. Осылайша, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады», - дейді Ерсат пен Әлғани.


Әлгіндей қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытқан. Олар «Бұл құрылғыны газдың сыртқа кетуін анықтауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланған тиімді» деген пікірде. Жас өнертапқыштардың «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама берілген.