Қазіргі таңда есірткіге қарсы іс-шаралар өткізіп жатыр
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Түркістан облысының полицейлері заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі затын тәркілеген.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен 2018 жылдың қорытындысы бойынша заңсыз есірткі айналымына қатысты 163 қылмыс пен 200-ден аса қылмыстық құқықбұзушылықтарды, жедел-іздестіру шараларының аясында есірткі сатудың – 66, есірткі затын заңсыз сақтаудың –19 және есірткі контрабандасының – 25 жайтын анықтаған, 50-ден астам есірткі өсіру алқаптары жойылған. Сонымен қатар, заңсыз айналымнан 6 тоннадан астам есірткі заттары, оның ішінде шамамен 58 мың қарасора тәркіленген.
Сондай-ақ, өз кезегінде Түркістан облысы Полиция департаментінің ЕҚКБ-ның қызметкерлері тұрғындарды есірткі пайдаланудың қауіптілігі мен зияндылығын ақпараттандыру бойынша есірткіге қатысты түрлі алдын-алу іс-шараларын өткізіп жатыр.
Ақпарат көзі: ТО ПД-нің баспасөз қызметі