Түркістандық полицейлер қоғамдық орындарды ластаушыларды жауапқа тартып жатыр

0
220

Абаттандыру ережелерін бұзудың 4175 құқық бұзушылығы анықталған.


Түркістандық полицейлер қоғамдық орындарды ластаушыларды жауапқа тартып жатыр

Түркістан облысында полиция ортақ пайдаланылатын орындарды ластаушыларды жауапқа тартуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында "Таза Қазақстан" республикалық акциясын өткізуде жергілікті полиция қызметінің полицейлерімен белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталды.


Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың 12 259 құқық бұзушылығы тіркелген. Абаттандыру ережелерін бұзудың 4175 құқық бұзушылығы анықталған. Оның 4028-іне ескерту жасалып, 147 тұрғынға айыппұл салынған.


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" республикалық акциясы өткізіліп келеді. Бұл шара экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.


Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.