Түркістандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0
528

Қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.


Түркістандық спортшы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астанада еркін күрестен өткен Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Астанада еркін күрестен өткен Азия чемпионатында түркістандық Нулифар Раймова (57 келі) қола жүлдеге қол жеткізіп, ел мерейін үстем етті.


Жерлесіміз 3-орын үшін сайыста қырғызстандық Бермет Нуридинқызымен кездесті. Белдесу барысында қазақстандық балуан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.


Түркістандық балуан қыз жарыстан кейін сұхбат беріп, тартысты дода жайында пікір білдірді.


"Бұрын қырғыз балуанымен Нұркен Әбдіров турнирінде кездесіп, сол кезде 9:0 есебінде жеңіп тұрып, есе жіберіп алып едім. Енді, міне, онымен Азия чемпионатында кездесіп, жеңдім. Бұл жеңісімді Қазақ еліне және отбасыма, жаттықтырушыма арнаймын. Бірінші рет ересектер арасында үшінші орын алып тұрмын. Бапкеріме рақмет. Маған үміт артып отырған жандарға, барлығына алғысымды айтамын", – деді ол.


Спортшы қыз Ә.Нұрмаханов атындағы облыстық олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Мұнда әлемдік ареналарда топ жарып жүрген бірнеше шәкірттерді тәрбиелелі


ҚР чемпионатында 9 дүркін топ жарған, Жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, Уфада өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Нилуфардың ендігі арманы – келесі жылы Парижде жалауы көтерілетін Жазғы Олимпиадада жеңіс тұғырының биік сатысынан көріну.


Жалпы спортта жүргеніне 9 жылға жуықтаған спортшы арудың жаттықтырушысы - Нұржігіт Ерімбетов. Бапкердің де арманы - Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алып, Көк туымыз бен Әнұранымызды жаһан жұртына паш ету.