Биылғы чемпионатта барлық өңірлерден 45 құзыреттіліктен 800-ге жуық жас өз шеберліктерін көрсетті.
Түркістандық студенттер «WorldSkills Kazakhstan-2025» ұлттық чемпионатында үздік үштікке енді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Астана қаласында X WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Іс шарада Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова жеңімпаздарды марапаттап, чемпионаттың кәсіби білім сапасын анықтайтын негізгі индикатор екенін атап өтті.
Биылғы чемпионатта барлық өңірлерден 45 құзыреттіліктен 800-ге жуық жас өз шеберліктерін көрсетті. Түркістан облысының намысын қорғауға 39 құзыреттіліктен 45 жас шеберлер бақ сынасты.
Чемпионат нәтижесі бойынша Түркістан облысы:
4 - алтын
6 - күміс
6 - қола
8 - «Ерекшелік» медальондарды иеленді.
Жалпы командалық есеппен Түркістан облысы үздік үштікке енді:
І - Алматы қаласы – 60 балл;
ІІ - Павлодар және Ақмола облыстары – 56 балл;
ІІІ - ️Түркістан және Қарағанды облыстары – 55 балл.
Айта кетейік, ұлттық чемпионаттың нәтижесінде 2026 жылы Қытайда өтетін WorldSkills International чемпионатына қатысатын ұлттық құрама жасақталады.
WorldSkills Kazakhstan – еліміздің тұрақты дамуына үлес қосатын кәсіби білімнің маңызды драйвері екенін тағы да дәлелдеді.


