Түркістандық тұрғын тігін шеберханасын ашты

0
589

Қайтарымсыз грант алған.


Түркістандық тұрғын тігін шеберханасын ашты

Ордабасы ауданының тұрғыны қайтарымсыз грант алып, тігін шеберханасын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы – Темірланда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 айлық қысқа мерзімді оқу курсынан өтіп, грант алған Ләйлә Әбдімәжитқызы өз кәсібін бастады.


Темірлан ауылындағы Қазыбек би көшесінің бойынан тігін шеберханасын ашқан іскер әйел жаңа бизнес идеяларға арналған жобадан 200 АЕК көлемінде грант иеленген.


«Aisha» тігін шеберханасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл қатысып, кәсіп иесінің игілікті ісіне сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ауданда биыл 173 азаматқа жаңа бизнес идеялары үшін грант беру жоспарланып отыр.