Түркістандық тұрғындар түрлі-түрлі кәсіпке бет бұрды

0
742

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмысын дөңгелетіп отыр.


Түркістандық тұрғындар түрлі-түрлі кәсіпке бет бұрды

Қазығұрт ауданының тұрғындары мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып жатыр,- деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғындары жеке кәсіпке ден қоя бастады. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауың арқасында ойындағы ісін бастағандардың қатары көп. Атап айтар болсақ, Қазығұрт ауданы Қақпақ ауылында бүгінде жеке кәсіп ашып, халық игілігіне қызмет істеп жүрген кәсіпкерлер аз емес. Қаныбек Елмұратов ауыл орталығынан монша ашып, халқына қызмет етуде. Ауылда бұрын кеңестік кезеңде салынған бір моншаның тозығы жетіп істен шықан. Енді ауыл халыққа заманауи үлгідегі, жайлы, таза моншаға баруда.

Сондай-ақ, жеке кәсіп ашуды көздеген Қақпақ ауылының тұрғыны Бақтыгүл Тасболатова қолына қайшысы мен тарағын алып, мемлекеттен алған қаржының арқасында шаштараз ашып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Бұрындары шаш қидыру үшін ауылдан аудан орталығына келетін халық бүгінде алыс жолға шықпай-ақ, қызмет түрін ауылдан алуда. Ауданға барып үйреніп қалған тұрғындар кейіннен бір-бірінен естіп, шаш алдыруға келе бастаған. Ауылдан шаштараздың ашылғаны тұрғындарды қатты қуантқан көрінеді. Халық арасындағы қолжетімділік артып, барлығы жақын жерден шаш қидыратын болды. Әсіресе, оқушыларға өте қолайлы.

Одан бөлек, шаруаға еп-септі ауыл келіншектері шағын бизнесті дөңгелетіп отыр. Бірі шаштараз ашып, отбасылық кірісті аттырса, енді бірі қолнөнер бұйымдарын жасаумен айналысады.

Атап айтсақ, Қақпақтық көп балалы ана Динара Боданова мемлекеттік қолдаудың арқасында өз үйінен тігін цехын ашқан. Тігіншілер қолынан шыққан көрпе-төсектер қазақы ою-өрнектермен сәнделген. Тіпті қыздардың жасауында тігетін көрінеді. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы» аясында жеңілдетілген несиесін алған кәсіпкер қазір 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.