Жарысқа 2-7 сынып оқушылары қатысты.
ХХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақмола облысына қарасты Щучинск қаласы, Бурабай курортында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының» ұйымдастыруымен ХХ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті. Оған өңірлерден 2-7 сынып оқушылары қатысты.
Республикалық сайыста Түркістан облысы, Ордабасы ауданының екі оқушысы Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Нақтырақ айтқанда, Қараспан ауыл округіндегі Б.Оңтаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушысы Дінмұхаммед Қаныбек Амина Абдрасилованың жетекшілігімен «Қараспанның болашағы – ертегі» жобасын және Шұбарсу ауыл округіндегі «Зерде» жалпы білім беру мектебінің оқушысы Кәусар Әбубәкір Бауыржан Сейітқұловтың жеткшілігімен «Қазақстандағы экологиялық туризм: Қорықтар мен ұлттық парктердің туристік әлеуетін арттыру» жобасын қорғап, үздіктер қатарынан көрінді.