Түркістандық жасөспірім республикалық «Мың бала» жобасында өнер көрсетті

0
77

Үздік жас өнерпаздармен бірге өнер көрсетті.


Түркістандық жасөспірім республикалық «Мың бала» жобасында өнер көрсетті

Түркістандық Бекзат «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.


Іс-шарада жас өнерпаздарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов марапаттап, ізгі лебізін білдірді.


Осы айтулы жобада Түркістан облысының атынан 15 жасар Бахадир Бекзат Дильшадұлы қатысып, республикалық деңгейде үздік жас өнерпаздармен бірге өнер көрсетті.


– Бұл – мен үшін үлкен тәжірибе мен шабыт сыйлаған ерекше жоба. Фестиваль барысында мен еліміздің мәдениеті мен бірлігін дәріптеудің маңызын тағы бір сезіндім. Осы жетістікке жетуіме қолдау көрсеткен ұстаздарыма, ата-анама және мектебіме алғыс білдіремін! Алдағы уақытта да талмай еңбектеніп, жаңа биіктерді бағындыруға тырысамын! – дейді Бекзат.

Бөлісу