Түркістандық жасөспірімдер ел чемпионатында топ жарды

0
837

Командалық есепте бірінші орынды иемденді.


Түркістандық жасөспірімдер ел чемпионатында топ жарды

Түркістандық жасөспірімдер еркін күрестен ел чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қызылорда қаласында еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында кезекті ел чемпионаты аяқталды. Сыр өңірінде өткен күрес бәсекесіне 17 команда, 300-ге жуық балуан қатысып, боз кілем көркін қыздырды. Тартысты өткен сайыста Түркістан облысының балуандары 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық бірінші орынды иемденді.


Боз кілемде қарсылас шыдатпаған Нұрасыл Асамбек 45 келі салмақта бас жүлдені иеленді. Белдесуде бағы жанған жерлесіміз Бекарыс Бахытжан 71 келіде сынға түсіп, жеңімпаз атанды. Бұдан өзге дарынды қос балуан Олжас Жауынбаев пен Едіге Қасымбек күміс жүлдені иеленді. Ал, Даурен Қуанышбек пен Мұхаметжан Орынбасар қола жүлдеге қол жеткізді.


Балуандарды жарысқа аға бапкер Абылайхан Рыспаев бастап барған.

Бөлісу