Түркістандық жастар Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатыр

0
89

Өңір жастары халық санының 31 пайызын құрап отыр.


Түркістандық жастар Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатыр

Түркістан облысының жастары Президент бастамаларын жүзеге асыруға белсенді қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 671 452-ге жетіп, халық санының 31 пайызын құрап отыр. Елімізде Түркістан облысы жастар саны бойынша 2 орында. Өңірде 1 облыстық, 17 аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық және кәсіби дамуына қолдау көрсету, білім алуға, идея алмасуға, жеке бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау мақсатында 11 коворкинг орталығы, 1 540 үйірме қызмет көрсетеді.


Түркістан қаласында орналасқан Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Woosong University Kazakhstan жоғары оқу орындарында жалпы 14 090 студент білім алуда. Сонымен қатар 50 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 44 605 студент 75 мамандық бойынша білім алуда.


Түркістан жастары ел Президентінің бастамасымен қолға алынған бағдарламаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Облыс көлемінде биыл жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында форумдар, тимбилдинг, семинарлар, кездесулер, акциялар ұйымдастырылып, 1 004 іс-шара өтті. Оған 189 мыңға жуық ерікті қатысты. Ал «Заң мен тәртіп» тақырыбында өңірде жыл басынан бері 260 іс-шара өткізіліп, 150 мыңға жуық жас қатысты.


«Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, облыста еңбек жетıстıктерıмен ерекшеленген жұмысшы мамандар және жас жұмысшылар туралы «Тurkistan» телеарнасында «Жүз күнде – жүз жұмысшы» атты арнайы жоба басталды. Одан бөлек, телеарнада «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Адал азамат – адал еңбек», «Құрметті жан», «Біздің буын» атты бағдарламалары көрсетілуде.


Қазіргі таңда Түркістан облысында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 1,8 пайызды (7540 жас) құрайды. 2025 жылдың 11 айының қорытындысымен мемлекеттік бағдарламалар арқылы 50 мыңнан астам жас жұмыспен және грантпен қамтылды. Сонымен қатар өз кәсібін бастау мақсатында 2 133 жас «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Жұмыссыздарға кәсіптік білім беру мақсатында http://xn--nbek-u4d.kz/ платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 2 554 жас онлайн оқытудан өтті. Сондай-ақ өңірде 52 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 980 жұмыс беруші тарапынан 6 141 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге 6 043 азамат қатысты. Өндіріс орындарында өткізілген «Ашық есік» күндеріне 8 мыңға жуық жас қатысқан. Кәсіпорындар тарапынан қатысушыларға арналған экскурсия, семинар, дөңгелек үстел, мастер-класстар және басқа да іс-шаралар өткізілді.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасының цифрлық картасы» жобасы іске қосылып, сәтті жүзеге асуда. Жыл басында өңірде NEET санатында 26 508 жас болса, қазіргі таңда 10 200 жасқа дейін төмендеді. Бүгінде NEET санатындағы жастарды анықтау, олармен жұмыс жүргізу бойынша тиісті адрестік жұмыстар жүргізілуде.


Облыс көлемінде жастар арасында өзекті мәселелердің алдын алу арқылы олардың психологиялық саулығын нығайту, өмірлік дағдыларын дамыту және жағымды мінез-құлық қалыптастыру мақсатында ыстық нүктелерде «Тәртіп – тұрақтылық кепілі», «Нашақорлыққа жол жоқ!», «Лудомания – ғасыр дерті!», «Өмір – ең қымбат сый!» және «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыптарында 576 психо-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 61 мыңға жуық жас қамтылды. Жеке мәселелері бойынша 1 852 жасқа психологиялық көмек көрсетілді. Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында арнайы мониторинг топтары құрылып, 824 түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді.


Биыл облыстық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларына, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл, облыстарына және Өзбекстан, Қырғызстан республикаларына іс-сапармен барып, тәжірибе алмасты. Нәтижесінде жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірлескен меморандумдар түзілді. Меморандумдар аясында жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыспен қамту, еріктілік қызметін дамыту, заманауи технологияларға бейімдеу, мәдени-рухани байланыстарды нығайту бағыттарында екіжақты ынтымақтастық жұмыстарын жүзеге асыру көзделеді. Сонымен қатар меморандум аясында осы жылы Түркістан облысына Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен ерікті жастар арнайы келіп, өңірдің жас кәсіпкерлерінің сәтті жүзеге асып жатқан жобаларымен танысты. Бұл жұмыстар жалғасын табады.


2026 жылы жастар саясаты саласында өңір жастарының интеллектуалдық, шығармашылық, мәдени және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған ауқымды жобалар пакеті жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар өңірдегі жастардың жан-жақты дамуына, олардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Бөлісу