Түркістандық жігіт полицейдің шенін жұлып алып, көлігіне от қойған (видео)

0
456

Боқтап, билік өкіліне қарсы негізсіз айыптаулар тағып, аузына келген былапыт сөздермен қорлаған.


Түркістандық жігіт полицейдің шенін жұлып алып, көлігіне от қойған (видео)

Түркістанда полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, көлігіне от қойған жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ППТ-ның инспекторы полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік өзіне бекітілген аумақта патрульдеу кезінде қаладағы көшелердің бірінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген «ВАЗ2106» маркалы көліктің жүргізушісін тоқтатады. Тәртіп сақшысы заң аясында өзін таныстырып, не себепті тоқтатқанын жеткізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен хаттама толтырады. Жүргізуші автокөлігінің кілтін бермеген соң, полицей эвакуатор шақырады.


Ал жүргізуші болса көлікті алып кету кезінде қарсылық көрсетіп, боқтап, билік өкіліне қарсы негізсіз айыптаулар тағып, аузына келген былапыт сөздермен қорлай бастайды. Яғни, тұрғын өзінің теріс қылығын көрсетіп, одан әрі көліктің ішіне өрт қояды. Орын алған жайтқа байланысты полицей жүргізушіге артық әркетке бармауын түсіндірген сәтте, ол полиция қызметкеріне күш қолданып, иығындағы шендерін жұлып жібереді. Бұл жағдайлардың барлығы полицейдің бейнежетонына жазылған. Осыған байланысты құқық бұзушы ер адам ҚПБ-ға жеткізілді. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

Сондай-ақ, жүргізушінің жөнсіз әрекеті ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» және 378-бабы 1-бөлігімен «Билік өкілін қорлау» тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша жәбірленуші полицейге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.