Түркістандық зілтеміршілер республикалық турнирде 4 медаль иеленді

0
87

150-ге жуық спортшы қатысқан.


Түркістандық зілтеміршілер республикалық турнирде 4 медаль иеленді

Түркістандық зілтеміршілер республикалық ашық турнирде 2 алтын, 2 күміс медаль иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының зілтеміршілері ауыр атлетикадан Қызылорда облысында өткен республикалық ашық турнирде топ жарды.


61 келі салмақта Алишер Тұрғанбай жұлқа көтеруде 115 кг, серпе көтеруден 137 кг көтеріп, қос сайыс нәтижесінде 252 кг зілтемірді бағындырып, спорт шебері (МС) дәрежесін орындады. Сонымен қатар Жанасыл Арапбай 67 кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 101 кг, серпе көтеруден 140 кг көтеріп, қос сайыс нәтижесінде 241 салмақты еңсеріп, спорт шебері (МС) дәрежесін орындады. Аталған спортшылар осы салмақ дәрежесінде алтын алқаға ие болды.


Одан өзге, Нұрасыл Арапбай 73 кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 124 кг, серпе көтеруден 147 кг, қос сайыс бойынша 271 кг зілтемірді бағындырып, спорт шебері (МС) дәрежесін орындады. Және Ықылас Ынтымақ 96 кг салмақ дәрежесінде жұлқа көтеруде 110 кг, серпе көтеруде 141 кг, қос сайыс бойынша 251 келіні көтеріп, спорт шеберіне үміткер (КМС) дәрежесін орындады. Нәтижесінде күміс алқа иегерлері атанды. Жеңімпаз атанған зілтеміршілердің бапкерлері – Талғат Ускенбаев, Асхат Кубеев және Болат Идрисов.


Айта кетейік, Қызылорда облысы Шиелі ауданында екі мәрте социалистік еңбек ері Ыбырай Жақаев атындағы ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы республикалық ашық турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы қатысқан. Олардың ішінде Қырғызстан Республикасы және Түркістан, Маңғыстау, Ұлытау, Ақтөбе облыстары мен Алматы, Шымкент, Тараз қалаларының ауыр атлеттері бар.

Бөлісу