Түркістандықтар мақта теру науқанын бастады басталды

0
1 288

Мақтаны машиналық әдіспен теруді 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр.


Түркістандықтар мақта теру науқанын бастады басталды

Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Ақ алтынның" отаны саналған Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Ең бірінші болып науқанды Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қанат Айботаев басшылық жасайтын "Айбота" шаруа қожалығы бастады. 5 гектар жерге "Мақтаарал-4011" мақта сортын еккен қожалық агротехникалық шараларды толық орындаудың арқасында бірінші терімнің өзінде 25 центнерден өнім алуда. Мақта теріміне жергілікті ауыл тұрғындары қатысып, келісіне 30 теңгеден еңбекақылары төленуде. Қожалық басшысы жинаған өнімін "Cotton-Мақта" ЖШС мақта өңдеу зауытына өткізбекші екен.


"Биыл мақтааралдық шаруалар жалпы 35 мың гектардан аса жерге мақта шитін себкен болатын. Қазігі таңда диқандарымыз мақтаға қажетті агротехникалық шараларды аяқтап, мақта жинау науқанын бастап кетті. Аудан бойынша 3 мың гектардан астам мақталық алқапқа дефоляция жұмыстарын жүргізілген. Мақта жинау техникалары, мақта зауыттары мен қабылдау бекеттері толық дайын тұр. Күзгі жиын-терім науқанын сәтті өткізу - бәріміздің ортақ міндетіміз!" - деді ауданның ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл.


Мақта терім науқанына дайындау үшін комбайндарға жөндеу жұмыстары толықтай жүргізілген. Жалып аудан бойынша мақта теріміне 567 доңғалақтытрактор, 850 дана тіркеме және 162 дана мақта терім машинасы қатысады деп күтілуде. Осының арқасында мақтаны машиналық әдіспен теруді 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр.


Биыл ауданда мақта өңдейтін 8 зауыт және 64 мақта қабылдау бекеті шаруаларға қызмет көрсету үшін жиын-терім науқанына толық дайын. Сондай-ақ, күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен жанар жағармай шаруаларға таратылуда.