«Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы қарқынды жұмыс істеуде.
Түркістан қаласынан баспаналы болудың мүмкіндігі артты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жыл басынан бастап Түркістан қаласында қызметін бастаған «Тұрғын үй сату бойынша қызмет» орталығы қарқынды жұмыс істеуде. Бүгінгі күні орталық «Bank RBK-мен» толықты. Бұған дейін азаматтар «Отбасы банкі» АҚ, екінші деңгейлі банктер: «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Сбер банкі» АҚ арқылы тұрғын үй алу жолдарының ақпаратын алған болатын.
Түркістан қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталығында құрылысы аяқталған көпқабатты тұрғын үйлер (1,2 және 3 бөлмелі) 2021 жылдың наурыз айынан бастап екінші деңгейлі банктер арқылы «Отбасы банк» АҚ, «7-20-25» бағдарламасымен ұзақ мерзімге несиеге берілуде.
Түркістан қаласы әкімдігі «Құрылыс бөлімі» ММ-нің мәліметіне сәйкес, қазірде аталған орталықта 1 тоқсанда 16 үй, 2 тоқсанда 27 үй, 3 тоқсанда 22 үй, 4 тоқсанда 17 үй беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылған болатын.