Түркістаннан Құлсарыға кезекті көмек жөнелтілді

0
876

Жүктің жалпы салмағы 30 тонна көлемінде.


Түркістаннан Құлсарыға кезекті көмек жөнелтілді

“Киелі Түркістаннан – Құлсарыға” деген атаумен гуманитарлық көмек жолға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Игі шара түркістандық тұрғындардың ұйытқы болуымен қолға алынған.


Қарғын судан зардап шеккен аймақтарға азық-түлік, гигиеналық заттар, қайық, күрек, қазан-ошақ сынды қажетті заттар жіберілді. Сондай-ақ суда жүретін арнайы киімдер мен етіктер де бар. Жүктің жалпы салмағы 30 тонна көлемінде. Айта кетерлігі, гуманитарлық көмектің жеткізілуіне “Әділдік және өркендеу” қоғамдық қоры қолдау көрсеткен.


Түркістан өңірінен қарғын судан зардап шеккен өңірлерге аталған көмек керуендері жалғаса бермек.