Түркістанның әкімі олимпиадаға қатысатын спортшымен кездесті

0
430

Ол Азия ойындарының чемпионы және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.


Түркістанның әкімі олимпиадаға қатысатын спортшымен кездесті

Түркістан қаласының әкімі Токио олимпиадасына қатысатын спортшыға сәттілік тіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Қазақстан ұлттық құрама командасы атынан Токио жазғы олимпиадасында бақ сынайтын Дидар Хамзаны қабылдап, сәттілік тіледі.


«Түркістандық жастарымыздың спортқа ерекше ден қойып, жеңістерімен қаланың абыройын арттырып жүргені көңіл қуантады. Алдағы әлемдік додада жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін арттырады деп сенемін. Сәттілік серік болсын!», - деген Нұрбол Әбдісаттарұлы ілтипатын білдіріп, сый-сияпат тарту етті.


Дзюдодан сайысқа түсетін Дидар Маратұлы 1997 жылдың ақпан айында дүниеге келген. Дзюдодан 2012, 2014 жылдары Тайпей мен Гонконгта өткен сайыстан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы, 2013 жылы АҚШ-тың Маями қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016 жылы Бразилияның Рио олимпиадасына қатысушы, 2016 жылы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2018 жылы Индонезияның Джакарта қаласында өткен Азия ойындарының чемпионы және Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.