Түркістанның дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

0
1 783

Азаматтарға медаль мен алғыс хат және сый-сияпаттар берілді.


Түркістанның дамуына еңбегі сіңген азаматтар марапатталды

Түркістан қаласының дамуына еңбегі сіңген азаматтар "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісіне ие болды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының дамуына еңбегі сіңген, түрлі салада көш бастап, белсенділік көрсеткен қала азаматтары "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісіне ие болды. Атап айтсақ, "Әйелдер алқасының" төрайымы Ұлжан Мұстафаева, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры, журналист Бекжігіт Сердәлі, Түркістан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Нығмет Ахметұлы және басқа да азаматтарға медаль мен алғыс хат және сый-сияпаттар берілді.

Сонымен қатар, мәслихаттың үздік депутаттары да мерекелік күнге орай құрметке бөленді. Ғаппар Сәрсенбаев "Үздік мәслихат хатшысы", Ержан Мұстапаев "Үздік мәслихат депутаты",

"Халық алғысы" мерекелік медалімен Айдос Абпазов және басқа да мәслихат депутаттарын шаһар басшысы құттықтап өтті.

"Сіздердің оң шешімдеріңіздің арқасында қаламыздың дамуында да ілгерілеу байқалады. Осындай істеріңіз бен жанашырлықтарыңызға алғысымды білдіремін. Алдағы істеріңізге табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!", - деген ілтипатын білдірді.