​Түркістанның тарихы туралы үш тілде жарық көрген кітап оқырманға жол тартты

0
72

Кітап бұған дейін Бейжің, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларындағы халықаралық кітап көрмелерінде, сондай-ақ Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алтын Орда тарихына арналған конференцияда таныстырылған.


​Түркістанның тарихы туралы үш тілде жарық көрген кітап оқырманға жол тартты

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы аясында «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» атты бірегей кітап-альбомның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Түркістан жайлы еш жерде жарық көрмеген тарихи дерекке толы жаңа туындыны «Алматыкітап баспасының»шығармашылық тобы: мәтінін академик, тарихшы Саттар Мәжитов, иллюстрациясын атақты суретші, кескіндемеші Дәурен Қастеев, дизайнын Сүндет Маемген және 90% фотоны Гаухар Саймасаева әзірлеген. Кітап үш тілде жарық көрді.

Аталған іс-шараға ҚР туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, басылымның тарихи-мәдени мұраны насихаттаудағы маңызына тоқталды.

Кітап – «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрағасы Элеонора Баталованың бастамасымен жарық көрген. Төрт жыл бойы дайындалған басылымға Түркістан тарихына қатысты сирек фотосуреттер, архивтік құжаттар, тарихи материалдар мен көпшілік біле бермейтін деректер енгізілген. Кітап бұған дейін Бейжің, Гуанчжоу және Франкфурт қалаларындағы халықаралық кітап көрмелерінде, сондай-ақ Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Алтын Орда тарихына арналған конференцияда таныстырылған.

Бөлісу