​Түркістанның «ТҰРАН» командасы биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

0
124

​Келесі турда «Тұран» 24 сәуірде сырт алаңда «Тобыл Ж» командасымен кездеседі.


​Түркістанның «ТҰРАН» командасы биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

ERNUR.KZ. Қазақстан бірінші лигасының екінші турында түркістандық «Тұран» өз алаңында «Арыс» командасын қабылдады. Жаңбырлы күні өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңді.

Кездесу алаң иелерінің басымдығымен өтті. «Тұран» бірінші таймда бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырғанымен, оларды голға айналдыра алмады. Қонақтар да шабуылда бақ сынап көрді, бірақ үзіліске дейін есеп ашылмады.
Екінші тайм бастала салысымен түркістандықтар алға шықты. Айып соққысынан кейін қақпашы допты қайтарғанымен, оны бірінші болып жеткен Темірлан Мұрзағалиев қақпаға дәл бағыттады.
Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгерген жоқ. Қорытынды нәтиже — 1:0.
Келесі турда «Тұран» 24 сәуірде сырт алаңда «Тобыл Ж» командасымен кездеседі. Ал «Арыс» 23 сәуір күні қарағандылық «Шахтер» клубын қабылдайды.