Түркістанның жаңа әкімі жастармен кездесті

0
672

Н.Тұрашбеков: "Қаламыздың көркейіп дамуында жастарымыздың белсенділігі маңызды".


Түркістанның жаңа әкімі жастармен кездесті

Түркістандық жастармен кездескен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков жас буынның ұсыныс-тілектерін тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістандық жастармен кездескен қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков сұрақтарға жауап беріп, жас буынның ұсыныс-тілектерін тыңдады.


"Қаламыздың көркейіп дамуында жастарымыздың да қолтаңбасы болуы тиіс. Бұл бағытта Сіздердің белсенділіктеріңіз аса маңызды", - деп атап өтті шаһар басшысы өз сөзінде.


Сонымен қатар, алдағы жоспарларымен таныстырып, бірінші кезекте іске асырылатын жұмыстар барысын сөз етті. Жұмыс істеймін, кәсіп ашамын, мемлекеттік қызметке жұмысқа келемін деген жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" екенін тілге тиек етіп, жүйелі түрде айына бір рет жастармен жолығатынын жеткізді.


Сондай-ақ, қалалық Жастар орталығының басшысы Бақытжан Дүкенбайды штаттан тыс кеңесші етіп тағайындап, барлық мәселелерді шешуге аса жауапкершілікпен ат салысуға шақырды. Ендігі кезекте қаланы дамытудағы 4 бағытта жастар көмек көрсетпек. Оның ішінде әсіресе абаттандыру, құрылыс салаларының сапалы орындалуына жастар үлес қосады деп күтілуде.