Ұстаздардың жалақысы 30-50 пайызға артады

0
1 803

4200 педагогтың айлық жалақысы санаттарына қарай 30-50 пайызға артады


Ұстаздардың жалақысы 30-50 пайызға артады

иллюстрациялық фото: spb.hse.ru

ERNUR.KZ. Түймебаев Түркістан облысында ұстаздар қауымына мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде өңір басшысы Жансейіт Түймебаевұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз беделі — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді. Осы жиында Жансейіт Түймебаев Түркістан облысында ұстаздар қауымына мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау күшейтілетінін атап өтті. Мәселен, биылғы қыркүйек айынан бастап ұлттық біліктілік тестілеуден өткен 4200 педагогтың айлық жалақысы санаттарына қарай 30-50 пайызға артады. Оған облыстық бюджеттен 1 млрд. 67 млн. теңге қаралды. Биыл жаңартылған білім беру мазмұнымен сабақ беріп жатқан 32 мыңнан астам ұстазға 30 пайыз жалақы қосылды. Оған бюджеттен 10 млрд. 290 млн. теңге қаралған.


«Облысымыз Түркістан облысы болып аталып, облыс орталығының Түркістан қаласына көшуі де ұстаздарға оң әсерін тигізіп жатыр. Егерде, Сіздер Түркістан қаласына келген жағдайда айлық жалақыларыңызға 20 пайыз қосымша ақы, еңбек демалыстарыңызға 7 қосымша күн, еңбек демалыстарыңызға 1 айлық қосымша сауықтыру ақысы қосылады. Әлеуметтік сала қызметкерлері мен ұстаздар қауымы үшін Түркістан облысының13 ауданында инвесторлар есебінен 14 мың шаршы метрлі 31 тұрғын үй салынып жатыр», — деді облыс әкімі.


Бүгінде Түркістан облысында кәсіптік білім сапасын көтеру мәселесіне әкімдік тарапынан назар аударыла бастады. Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды саланың бірі – техникалық және кәсіптік білім беру. Себебі, кәсіптік білім мекемелерін бітіруші түлектердің 25-30 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілмей келеді. Ол мемлекеттік тапсырысты дұрыс қалыптастырмаудан. Қоғамға нақты қандай мамандар қажет екені жіті зерттелмегендіктен жастардың біразы дипломға сай жұмыс таппай жүр. Осы олқылықты жою мақсатында биыл кәсіптік маман даярлау бағытында мемлекеттік тапсырысты жүйелеу үшін 7 жұмысшы топ құрылған. Жұмысшы топ қоғамға аса қажетті мамандықтарды саралаған. Осы жаңа формат бойынша биыл өңірге қажетті мамандар даярланады, жұмыссыздар саны азайып, мемлекет қаржысы тиімді мақсатта жұмсалады. Биыл мемлекеттік тапсырысқа республикадан 3 млрд. 900 млн. теңге ал, облыстан 17 млрд. теңге қаралды. Нақты қадам арқылы кәсіптік білімнің сапасы көтеріліп, облыс экономикасына қажетті мамандар тапшылығы мәселесі де шешілмек.