Бұл құралдар ата-аналардан талап етілмейді. Орын алған мәселеге қатысты бүгінде облыстық білім басқармасынан арнайы зерделеу тобы өз жұмысын бастады.
Әлеуметтік желіде білім мекемесінің мөрі басылған жұмыс дәптері туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты облыстық білім басқармасы өңірдегі кітап сату орындары жеке кәсіпкерлердің меншігінде екендігін жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
олардың айтуынша оқуға қосымша жұмыс құралындағы мектеп мөрі Сарыағаш ауданындағы орта мектептің атауымен сәйкес келеді. Бірақ, Сарыағаш ауданы оқушыларға осы оқу жылында тегін таратылатын, мектептің кітапханасына өткізілетін дәптер сатып алмағандығын хабарлайды. Сонымен қатар, бұл құралдар ата-аналардан талап етілмейді. Орын алған мәселеге қатысты бүгінде облыстық білім басқармасынан арнайы зерделеу тобы өз жұмысын бастады. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады.
Түркістан облысы бойынша 2018-2019 оқу жылына мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету тәртібі мына төмендегіше жүзеге асты.
2018-2019 жаңа оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасының кезең-кезеңіне өтуіне байланысты 3,6,8 сыныптардың оқушылары барлық оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылына жаңартылған білім беру бағдарламасына сай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен бұйрыққа сай 2,5,7 сыныптардың оқулықтарымен толық қамтамасыз етілген болатын.
Облыс бойынша «Бөбек», «Мектеп», «НЗМ/НИШ», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Алматыкітап», «Келешек-2030», «Көкжиек-Горизонт», «Express Publishing», «Study INN (Кэмбридж)», «Жазушы», «Oxford (Inter Press)», «САТР», «Астана-Кітап», «MM PUBLICATIONS», «ENGLISH BOOK (Maclimman)», «Білім», «Әлембоок» яғни, 18 баспамен келісім-шарт жасалған. Оқулықтарды жеткізу кезеңі келісім-шарттар бойынша бекітілген мерзім аралығында іске асырылды.