"Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастыруымен қоғамдағы ең өзекті мәселелер бойынша кездесу болып өтті.
Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты бірқатар ауылдардың орта мектеп мұғалімдеріне арналған кездесу болып өтті, деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.
Атап айтсақ, Ақсукент, Манкент, Қарасу, Қарабұлақ ауыл округтеріне қарасты жалпы орта мектептердің мұғалімдері мен қызметкерлеріне "Жалын жастар ұйымы" ҚБ-нің ұйымдастыруымен қоғамдағы ең өзекті мәселелер бойынша кездесу болып өтті. Бұл кездесудің мақсаты қоғамдағы теріс идеологияны қалыптастастырмау шарасы аясында мәселелер талқыланды.
"Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу" тақырыбы бойынша қызу пікірталас тартысты кездесудің қоғамның әрбір мүшесі үшін пайдасы мен берері мол болды.
Кездесуді Түркістан облысы, Дін істері басқармасының Сайрам ауданындағы "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің теолог мамандары И.Батыр, Ж.Битанов және А.Тажибаев жүргізді.
Жиын соңында мекеме қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Көкейінде жүрген сұрақтарына тиісті жауапты алған аталған шараға қатысушылардың кездесуден алған әсерлері мол болды.