​Жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері таныстырылды

0
2 271

Жиын барысында аудан әкімі Б.Асанов жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелерін аудан активіне таныстырып, кадрлық ауыс-түйістер туралы хабарлады.


​Жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелері таныстырылды

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық дербес бөлім басшылары мен кенттер, ауылдық округтердің әкімдері, құқық қорғау органдары мен коммуналдық мекемелердің басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан әкімі Б.Асанов жаңадан тағайындалған мемлекеттік әкімшілік лауазым иелерін аудан активіне таныстырып, кадрлық ауыс-түйістер туралы хабарлады.

ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33,37 баптарына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 29,30 баптарына сәйкес, Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың өкімімен Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және жалпы бөлімінің басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына Оразов Ырысбек Кошкарович, Мақтаарал ауданының ветеринария бөлімі басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына Абдиев Агабек Сейтханович, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы мемлекеттік әкімшілік лауазымына Турсынханов Адилхан Айдарханович тағайындалды.

«Мемлекеттік қызмет – өте жауапты сала. Тұрғындардың көңілінен шығып, оларға тынбай қызмет көрсету – басты міндеттеріңіз болуы тиіс. Сондықтан, жаңадан кірісіп жатқан жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Айта кетейік, 14 желтоқсан күні өткен әкімдік мәжілісінің күн тәртібінде Мақтаарал ауданының 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы, ауыл шаруашылығы мәселелері, жылыту маусымының іске асырылу барысы және елді мекендердің ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамтылу жағдайы туралы мәселелер қаралған болатын.

Дереккөз: Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі