ЖАҢАРУ КҮНІ: Созақта 4 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды

0
659

Егілген көшеттердің 500-ден астамы арша ағашы болса, қалғаны – қарағаш көшеттері.


ЖАҢАРУ КҮНІ: Созақта 4 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды

Жаңару күнінде Созақ ауданында 4 мыңнан астам ағаш көшеті егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміздегі Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Бұл күні Созақ ауданында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаш егу жұмыстары қарқынды іске асырылды.


Мереке қарсаңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов және еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары аудан орталығында орналасқан «Абай» саябағына арша ағашын отырғызды. Онда аудан басшысы ауылдар мен елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.


Айта кетейік, Жаңару күнінде ауданда 4 мыңнан астам тал көшеті егіліп, созақтықтар бұл күнді жақсылықпен атап өтуде. Егілген көшеттердің 500-ден астамы арша ағашы болса, қалғаны – қарағаш көшеттері.