«Жас ұлан»: балалар мен жасөспірімдер ант қабылдады

0
3 564

Ордабасы ауданының жеткіншектері ант қабылдады.


«Жас ұлан»: балалар мен жасөспірімдер  ант қабылдады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы А. Иманов атындағы жалпы орта мектебінде Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ант қабылдау рәсімі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең құнды мереке саналатын 16-желтоқсан -- Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен бұл салтанатты жиынның маңызы зор болды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов, Ордабасы ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Мұратбек Ұлтусын, Досқара Раушан, Сейдуалы Гүлмира, бас маман Молдабаев Маратжан қатысты.

Мерекелік жиын аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұловтың құттықтау сөзімен ашылды. Ол жеткіншектерді, мектеп ұжымын құттықтай отырып, жас буынды патриоттыққа, Отансүйгіштікке, әрдайым елдік пен бірлікте болуға, «Қазақстан» деген сөзді әрдайым жүректе сақтауға шақырды.

Салтанатты жиынға қатысқан білім қызметкерлері жасжеткіншектерге еліміздің тәуелсіздігі оңай жолмен келмегенін, ал егемендікті баянды ету одан да қиын екенін айтып, білімді, тәрбиелі, өнегелі болуды насихаттады. Сонымен қатар, жеткіншектерге адами құндылықтар, мейірімділік, намыс, ар-ұят, адалдық, адамдық ізгі қасиеттер туралы да айтылды.

Жас ұрпақты өз елін сүйетін, патриот тұлға етіп тәрбиелеуде бұл іс-шараның маңызы зор болды.