Жетісай ауданында қыстық үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

0
1 418

Жетысай ауданы, Жетысай қаласы және Асық ата кентінің тұрғындарына табиғи улы габен уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.


Жетісай ауданында қыстық үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы Жетісай ауданында қыстық маусымның үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Улы газбен улану және өрттердің алдын алу мақсатындағы үгіт-насихат жұмыстарын Түркістан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы Жетісай ауданының №3 және №22 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірге жүргізді.

Жетысай ауданы, Жетысай қаласы және Асық ата кентінің тұрғындары табиғи улы габен уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үй иелеріне өрттер мен улы және табиғи газбен улану оқиғаларының негізгі себептері айтылды. Жылыту пештерін пайдалану ережелерін бұзу, ақаулы газ құралдары мен қолдан жасалған электрлі жылыту құралдарын пайдалану, сонымен қатар отпен абайсыз болу қайғылы оқиға себептерінің негізі болып табылатындығы ескертілді.

Үігт-насихат барысында Жетісай ауданы, Жетісай қаласы және Асық ата кентінің тұрғындары «Иісті газ – көрінбейтін жау», «Үйдегі газ – пайдалану ережелерін білу», «Жылыту маусымында пеш жағу ережелері», «Камень пешін дұрыс пайдалану» тақырыптарында мол ақпарат алды.

Іс-шарада тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде айтылып, тұрғындар арасында улы газдан уланудың алдын алу, жылыту маусымында тұрғын үйлерде тұрғын үй өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы дайындалған жадынамалар таратты.