​"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" Қазығұрт ауданында ұйымдастырылды

0
3 149

Бұл іс-шараның басты мақсаты жастарға әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілік және гендерлік ескі нанымдарға қарсылық білдіру.


​

Жақында Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» тақырыбы аясында өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Жалында жастар» қоғамдық бірлестігі Біріккен Ұлттар Ұйымының қаржылай қолдауымен «Ұлттық еріктілер желісі» ЗТБ арқылы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-әрекеттер» республикалық акциясын Түркістан облысы, Қазығұрт ауылында "Жастар Ресурстық орталығы" КММ мен бірлесе өткізді.

Іс шара аясында жастарға әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілік және гендерлік ескі нанымдар тақырыптарында ақпараттандырулар, сұхбаттасулар және интерактивті театр форматында "Мені Естіңіздер: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жояйық" атты тақырыпта флешмобтар мен пікірталастық сессиялар өткізілді.

Жастардың белсенділігінің және зорлық-зомбылыққа қарсылық танытуына үндейтін бұл шараның аудан жастары үшін берері де мол болмақ. Қоғам тыныштығын сақтау, жасөспірім қыздарға, әйелдерге қорған болып, зорлық-зомбылыққа қарсылық білдіруге бағытталған бұл шара тәрбие көзі болып табылады.