Бір ыдыста шай қайнатып, қазан аса аласыз

0
3 594

Шайды газда қайнатса да, әр үйде бір электрлі шәугімнің бар екені анық. Электрлі шәугімді көбіне қонақ күткенде газдағы шәугімге көмекші ретінде және асығыс кезде ғана пайдаланасыз ба? Ендеше тағы біреуін сатып алуға кеңес береміз. Неге? Екінші шәугім қазанның рөлін де атқара алады.


Бір ыдыста шай қайнатып, қазан аса аласыз

Шайды газда қайнатса да, әр үйде бір электрлі шәугімнің бар екені анық. Электрлі шәугімді көбіне қонақ күткенде газдағы шәугімге көмекші ретінде және асығыс кезде ғана пайдаланасыз ба? Ендеше тағы біреуін сатып алуға кеңес береміз. Неге? Екінші шәугім қазанның рөлін де атқара алады.

1. Ең бірінші уақытты үнемдеу үшін электрлі шәугімді қолданыңыз! Газға қойылған шәугіммен салыстырғанда, электрлі шәугімде су жылдам қайнайды. Мысалы, 3000 вт шәугімдегі 2 литр су 1,5 минутта қайнаса, газдағы 2 литр су 5-6 минутта қайнап шығады.

2. Демек, электрлі шәугімде жұмыртқа да жылдам піседі.

фото: urbo.com

3. Электрлі шәугім диета ұстап жүрген қыз-келіншектер үшін таптырмас «қазан». Онда сәбіз бен картопты қайнатуға болады. Сонымен қатар, электрлі шәугімді өзіңізбен бірге жұмысқа да алып барып, диеталық тағамыңызды дайындай аласыз.

4. Электрлі шәугімде макарон мен күрішті де пісіруге болады. Сондай-ақ, күріш пен макаронды қайнаған суынан сүзіп алу қазанға қарағанда электрлі шәугімде әлдеқайда ыңғайлы.
5. Электрлі шәугімде тұшпара пісіру оңай. 1,7-2 литрлік шәугімге толтырмай су құю керек. Су қайнай бастағанда тұз саласыз. Содан соң 12-15 дана тұшпараны салып жіберсеңіз болғаны. Ескертетін жайт, электр шәугімінде қайнап жатқан тұшпараны қозғау үшін тоқ көзінен ажыратыңыз.

Фото: chert-poberi.ru

6. Шұжықты да пісіруге әбден болады. Ол үшін, шәугімдегі су қайнауға бірер минут қалғанда, шұжықты салып жіберсеңіз жетеді. Тез піседі.

7. Қалбырдағы паштетті электрлі шәугімде пісіріп көргенсіз бе? Алдымен шәугімге қалбырды саласыз. Содан соң үстінен су құйып, шәугімді тоқ көзіне қосасыз. Су қайнап шыққанда, паштет те пісіп үлгереді.

фото: ru.wikihow.com

8. Кофе қайната аласыз. Көпшілігіңіз кофені жақсы көресіз, ал үйіңізде турка бар ма? Жоқ! Бірақ электрлі шәугім бар. Ендеше, кофені шәугімде-ақ қайната беріңіз.

ӘСІРЕСЕ…

Электрлі шәугім әсіресе, күйеуі вахталық жұмыста немесе күзетте істейтін әйелдер үшін «піс қазаным, піс» -тің нағыз өзі. Егер уақытты үнемдегіңіз келсе және «қандай тамақ пісірдің?», «түу, тағы да макарон ба?» деген сияқты сөздерден жүйкеңіздің жасушаларын қорғағыңыз келсе, электрлі шәугімді күйеуіңіздің қолына ұстатып жіберіңіз. Жұмыртқа қайнатып жей ме, тұшпара мен шұжық пісіре ме, әлде «роллтон» дайындай ма, қажетін жасайды.

Дайындаған – Ж.Смағұлова,

ERNUR.KZ.