Ал артық салмақтан арылуды көздеген адамдар ас бөлмесін көк немесе жасыл секілді суық түстермен безендіргені абзал дейді мамандар. Немесе кофе, карамель іспетті жұмсақ бояулармен безендіргеніңіз дұрыс.
фото: maxfix.kz
Адам жаны тұңғиық әлем. Жаныңыздың қалауына орай, үйіңізді сәндеуді қолға алыңыз. Сізге қандай түстер ұнайды, қай түстер сіздің жаныңызға тыныштық сыйлайды? Мұны психолог мамандарымен де кеңесіп алғаныңыз дұрыс.
Әр бөлменің өзіне тән әдемілігі мен жаныңызға жағымдылық, тыныштық сыйлайтынын қаласаңыз, онда сол әр бөлмеңізге қандай түстердің үйлесімді болатынын ойлаңыз.
Мәселен, жатын бөлмеге сіздің тынығуыңыз үшін жағымды түс қандай? Ас бөлмесінде қандай түс сіздің ас қорытуыңызға тиімді әсер етеді? Ал, үйіңізге келген қонақ қайтсе жағымды көңіл-күйде отырады? Осының барлығына немқұрайлы қарамастан, түс таңдауда талғампаз болыңыз!
Мамандардың айтуынша, көңіл-күйіміздің қандай болмағы, денсаулығымыздың да ойдағыдай болуы айналамыздағы түр-түске тікелей бағынышты екен. Әр адамның болмыс-бітімінде, қиялы мен арманында, шығармашылығында, мінез-құлқында өзінің арнайы бір түсі болады. Тасбақаның сыртқы қабықшасына сыртық әсерлерден қорғанып, тығылып алғаны сияқты, біз де өзіміздің жеке аурамызды құрғымыз келеді.
- Ас үйдегі түстер тәбетті ашуға көмектесуі керек. Соңғы кездері қызыл, қызғылт, сары түстерді пайдалану сәнге айналып отыр. Бұл түстер ас бөлмесін кішірейтіп көрсеткенімен, ас қорыту жолдарын жақсартуға ықпал етеді. Алайда, қуаныш пен құмарлық сезімдерін тудыратын бұл түс ашушаңдыққа да алып келетінін естен шығармаған жөн.
- Ал артық салмақтан арылуды көздеген адамдар ас бөлмесін көк немесе жасыл секілді суық түстермен безендіргені абзал дейді мамандар. Немесе кофе, карамель іспетті жұмсақ бояулармен безендіргеніңіз дұрыс.
- Үй ішін әрлеу кезінде көпшілік адамдардың талғамы қара, ақ немесе сұр түстерге бұрады. Алайда, адамның көзі бұл реңдерді түс ретінде қабылдамайтыны дәлелденген. Сол себепті бұл түстерді ұнататын жандар үшін басқа түстермен араластырып отыру керек.
- Көңілдің жайлануына, шаршауды басуға, сонымен қатар, тез ұйықтап кетуге көк, қоңыр және қызғылт түстер көмектеседі. Бірақ, бұл түстер тым қоюланып кеткен жағдайда адамның көңіліне қаяу түсіруі ғажап емес.
- Сары түсті көбінесе, байлықты, сыршылдықты ұнататын адамдар көбірек қалап тұрады. Көк немесе көгілдір түстерді жаңалыққа құмар немесе нәзік байланысты, сезімге берілгіш адамдар қабылдауға дайын. Ал қою түстерді, атап айтсақ, ақ, қара түстерді романтикаға берілген немесе қайғы-мұңның құрсауынан шыға алмай, шырғалаңға тап болған адамдар таңдайды екен.
- Сондықтан, үй аурасын қалай өзгерту ол адамның өзінің психикасының көрінісі болып табылатын көрінеді.
- Дизайнерлер мен психологтар бір ауыздан, баланың бөлмесіне ерекше көңіл бөлінуінің қажет екендігін алға тартады. Жасөспірімнің психикасына оң ықпал ету үшін, қара, қоңыр және күлгін түстерден бас тартқаныңыз жөн екендігін айтады мамандар. Оның орнына нәзік көк, қызғылт, сары бояуларды үйлестіре білсеңіз баланың бойындағы мазасыздықтан сақтандырған болар едіңіз.
- Алдымен, баланың мінез ерекшеліктерін негізге ала отырып, мамандармен жұмыс істесеңіз, баланың жан тыныштығын да қаперден шығармағаныңыз. Егер бала мазасыз, тым белсенді болса, байсалды түстерге басымдық беріңіз. Ал егер, керісінше болса, оқуға құлқы соқпай жүрген баланы ынталандырып, зейінді ете түсу үшін бөлмені сары түске бояған жөн. Өйткені, бұл түс есте сақтауға, зейін қоюға сеп болады. Балалар бөлмесінде түсқағаз жапсырсаңыз, онда түсқағаздың суреттерінің тым ұсақ болмағанын қадағалағаныңыз дұрыс. Себебі, бала ұсақ суреттерге қарау арқылы көру қабілетіне кері әсер ету ықтималдылығы жоғары екендігін есте ұстаңыз.
- Есіңізде жүрсін, ақ, сары, жасыл түстерден көз талмайды. Сондықтан, бұл түстер жұмыс кабинетіне ыңғайлы. Қызыл түс көшбасшыны тәрбиелеуге көмектессе, күлгін түс адамның мысын басады. Қызғылт сары бояулар сенімділікті арттырса, қоңыр түс тұрақтылыққа жетелейді.
Гүлвира ЖҰМАДІЛДАЕВА,
ERNUR.KZ