ХИТ болған ​ЛОТОС гүлін өсіріп көрдіңіз бе?

0
2 563

Лотос гүлінің тұқымы протеиннің қайнар көзі, оларды әл жинау мақсатында пайдаланады. Ол бүйрек, көкбауыр, жүректің жұмысы бұзылғанда қолданылады.


ХИТ болған ​ЛОТОС гүлін өсіріп көрдіңіз бе?

Қазіргі кезде үйде өсетін лотос гүлінің жарнамасы желіні жарып тұр. Қызылды, жасылды әдемі гүлдерді өсіріп көруге қызыққандар аз емес сияқты. Ендеше лотос гүлі жайлы, оның күтімі туралы біле жүрген артық емес.


Лотос гүлі

Лотос – көпжылдық, құнды сәндік өсімдік. Оның гүлі сұлулықты, кінәсіздікті және нәзіктікті бейнелейді. Мәдени және сәндік маңыздылығынан басқа тағамдық құндылығы да бар. Өсімдіктің түрлі бөліктері экзотикалық тағамдардың негізін құрайды. Тұқымы мен тамыры тағамға да, дәрі ретінде де қолданады. Лотос гүлінің тұқымы протеиннің қайнар көзі, оларды әл жинау мақсатында пайдаланады. Ол бүйрек, көкбауыр, жүректің жұмысы бұзылғанда қолданылады.

Лотос гүлі - су өсімдіктерінің бір туысы. Негізінен лотостың 100-ге жуық түрі бар. Алайда, табиғатта жабайы екі түрі ғана бар.

  • Үнді лотосы. Тұқымы жаңғақ секілді болады.
  • Сары лотос. Солтүстік Америкадан тараған. Жапырағы өте үлкен болып келеді.

Бұл өсімдіктің тамырлары тоғанның түбіне бекініп, жапырақтары мен гүлдері судың бетінде орналасады. Лотостың тамырсабағы қызғылт - сұр түсті, дәмі картоп дәміне ұқсас келеді. Оның құрамында түрлі талшықтар, С, В-1, В-2 дәрумендері, калий, мыс және магний болады. Гүлдері су бетінде қалқып тұрады.


Өсіру әдістері

Лотосты өсірудің екі негізгі жолы бар:

  • Тұқымнан
  • Тамырсабағынан

Тамырсабағынан өсірген лотос тез гүлдейді. Лотостың тамыры етті, сулы, банан секілді қалыпта болады. өскінінен кесіп алып, су ішіндегі топыраққа егесіз. Өскін тез өседі. Келесі жылы-ақ әдемі гүлдерімен қуантатын болады.

Алайда бізде лотос гүлін тамырсабағынан өсіру біршама қиын болуы мүмкін. Себебі лотос гүлі еліміздің бар аймағында кездесе бермейді.


Тұқымынан өсіру

Лотосты тұқымынан өсірудің бір ерекшелігі – өсімдік үй жағдайына бейімделіп өседі. Жаздағы ыстықты, қыстағы салқынды жақсы өткереді. Бізде тамырсабақтан гөрі дәнінен өсіру мүмкіндігі көп болғандықтан, лотос өсірудің осы тәсілін жазамыз.

Лотостың дәні қара-қоңыр түсті, шамамен 1х1,5 см көлемінде, жаңғақ тәріздес болады.

  • Дәнді өндіріп алу үшін диаметрі – 90-120см, тереңдігі – 25-30см болатын шыны ыдыс керек. Ал кішкентай (карлик) сұрыптар үшін кіші ыдыс жарайды. Толқынды және төртбұрышты ыдыстар жарамайды.
  • Лотос гүлін аквариум өсімдіктеріне арналған тыңайтқыштармен қоректендіруге болады. Алғашқы қоректі гүлді отырғызған кезде беріп, кейін айына бір рет тығайтып тұру жеткілікті.
  • Ең алдымен кішірек банка алып, оған жарты етіп жылы (+18...+25°С) су құйыңыз. Дәнді салып қойыңыз. Бөлме температурасында алғашқы өскіндер 5-6 күн ішінде шыға бастайды. Бір аптаға дейін суды күніне екі рет ауыстырып тұруға тырысыңыз.
  • 2-3 аптадан кейін көктеген лотос тұқымы тамыр шығарады және 2-3 жапырақ пайда болады. Бұл кезде оның биіктігі шамамен 12-15 см жақындап қалады. Сол кезде оны үлкен ыдысқа ауыстыру керек.
  • Ыдыста тесік болмауы керек. Оның түбіне өзеннен лай әкеліп салсаңыз күшті болады. Егер өзеннің лайы болмаса онда, батпақ, топырақ және құмды бірдей мөлшерде араластырып, ыдыстың жартысынан жоғары етіп саласыз. Өскіндерді мұқият егіп, үстіне су құясыз. Топырақты құртып алмау үшін суды сүзгі арқылы құйсаңыз тіптен жақсы. Жапырақтар су бетінде қалуы керек.
  • Гүл қондырылған ыдысты жарық, жылы жерге қойыңыз. Лотос +25...+28 градуста жақсы өседі. Темпераураның 18ден төмен болуы гүлдің соып, дұрыс спеуіне алып келеді. Тіке түсетін күн көзінен және қатты салқыннан сақтаңыз. Су деңгейі төмен түсіп кетпеуі тиіс. Аптасына бір рет толықтырып отырыңыз.
  • Егер гүлдің бар күтімі дұрыс жасалатын болса, онда ол келер жылы әдемі гүл ашатын болады. Тек ол гүлдің гүлдеу ұзақтығы 3-4 күннен аспайды. Лотостың жасы өскен сайын гүл көлемі де өсе түседі.
  • Гүлдеп болған соң өсімдікті тыныштық кезеңіне дайындау керек. Ол үшін жапырақтар түскенше ыдыстағы су көлемін жаймен төмендете береміз. Кейін қысқы мезгілде үсіп кетпейтін жерге қойып, көктемге дейін бетін жауып қоюға болады.
  • Егер лотос қысы-жазы көктеп тұрсын десеңіз, онда жоғары температура мен қосымша жарық қажет.


Ендеше жарнамадан көріп менің лотосым неге жылдам гүлдемеді деп, өсірген еңбегіңізді далаға тастап жүрмеңіз. Дұрыс күтім мен жағдай жасағанның өзінде лотос тек 7-8 айдан кейін ғана гүл ашады.

Керек кеңес, қажеттеріңізге жарасын!


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.