Салқын ауа-райында салқындап қалмау үшін кеңестерді қажетке жарата жүрсеңіз, өкінбейсіз.
Міне, әні-міне деп жүргенде күздің де бел ортасы болды. Алдымызда бұдан да суық күндер, қаһарлы қыс күтіп тұр. Мұндай ауа-райында салқын тигізіп алмай, жылы киініп жүруді және денені жылы ұстауды да білуіміз қажет. Сондықтан осыған байланысты керекті деген бірнеше қарапайым кеңестерді ұсынып отырмыз. Керегін алып қажетіңізге жарата жүріңіз.
Күнді ыстық тағамнан бастаңыз
Таңертең жұмысқа немесе сабаққа асығып, уақытты үнемдеу үшін таңғы ас ішпейтін кезіміз өте көп. Тек күн салқындағаннан бастап бұл әдетті тоқтатқан жөн. Себебі ашқұрсақ адамның ағзасы әлсіз және болмашы салқынға тез тоңғыш келеді. Қоғамдық ортадағы кез-келген ауруды қабылдап алу қаупі жоғарылайды. Сондықтан дененің жылылығын сақтау үшін күнді ыстық, калориялы тағамнан бастаңыз. Әрине қуырылған картоп пен шұжық емес, бірақ жылы, әсел араласқан ботқалар мен шай, кофені таңертеңгілік ішуді дағдыға айналдырған жөн.
Қалың киінген кемшілік емес
Қабаттап киініңіз. Майка, көйлек немесе жейде сыртынан күртке дегендей. Шалбар ішінен "колготки". Қазіргі кезде ерлер мен әйелдерге арналған нешеме түрін табуға болады. Салқын ауа-райында қалыңдап, қабаттап киініп жүргеннің еш сөкеттігі жоқ.
Анаңыздың ақыл кеңесін еске түсіріңіз
Көптеген балалар оның ішінде өзіміз де анамыздың «баскиіміңді ки», «қолғаптарыңды ұмытпа» деген сөздерін керісінше жасауға дайын болатынбыз немесе үйден киіп кетіп көшеге шыққанда бір жерге жасырып, сөмкеге тығып, қайтарда бір-ақ киетінбіз. Бірақ анамыз жаман ештеңе айтпайды. Себебі сіздің денеңіз қанша жылы болса да тоңған бас пен қол ол жылылықты мойындамайды. Сондықтан ананың айтқанын асап жылы киінуге тырысу керек.
«Аяғыңды сайла»
Сондай-ақ күн суықта аяқ киімнің де маңызы ерекше. Маусымдық (демисезонка) аяқ киімдерге міндетті түрде ұлтарақ салып кию қажет. Үйден шығарда шаш кептіргіштің ыстық баптағышына келтіріп, аяқ киім ішін 2-3 минут аралығында үрлеп жылытып, бірден киіп кету керек. Мұндайда жылы әсер біршама уақытқа дейін жетеді.
Өкпек желге жол жоқ!
Есіктен келетін өкпек жел (сквозняк) – ағзаның қысы-жазы көзге көрінбейтін жауы. Бұл мәселені шешудің тиімді, оңтайлы, үнемді жолы бар. Ол үшін сізге түсқағаздан шыққан немесе кез-келген жіңішке түтік пен капрон шұлық болса жеткілікті. Калготкіден бір балағын кесіп алып, ішіне екі түтікшені салып, есіктің астынан екі түтікшені екі бетіне қалдырып кигіземіз. Ешқандай жел соқпайды. Ал есік ешқандай кедергісіз ашылып жабылатын болады.
Барлық бөлмелердің есіктерін үнемі жауып жүрген дұрыс.
Жылу батареяларының алдын ашыңыз
Батареяның алдында тұрған кез-келген жиһазды, стол кресло, диван секілді заттарды басқа жеерге қою керек. Батареяның алды ашық тұрғаны жөн. Сонда ірі жиһаздар қымбат жылудың таралуына кедергі келтіре алмайды.
Еден жылы болуы тиіс
Кілемді жерге төсеу тек ән үшін ғана емес. Олар еден бетіне төселіп аяқтың астындағы жылуды қамтамасыз ету үшін қажет. Мүмкіндігінше еден бетіне төсеніш төсеген дұрыс.
Төсегіңіз жылы болсын
Кейде тіпті қос көрпе жамылсақ та жаурайтын кездер болады мұндайда аяқ астына шым-шым ыстық су толтырылған жылытқыш (грелка) пайдалану керек. Жылытқыштағы су бірнеше сағаттардан соң суиды.
Кез-келген мәселенің оңтайлы шешімін табуға болады. ол ауаның ыстық суығына қарамайды. Жылы жүріңіздер! Жылынып жүріңіздер!
Шетел басылымынан дайындаған: Эльмира Базарбаева,
Оқи отырыңыз: