Үй ішін ДИЗАЙНЕРСІЗ-ақ заманға сай СӘНДЕУДІҢ 7 ҚҰПИЯСЫ

0
4 235

Көп қаражат жұмсаудың да қажеті жоқ


Үй ішін ДИЗАЙНЕРСІЗ-ақ заманға сай СӘНДЕУДІҢ 7 ҚҰПИЯСЫ

Үйдің қарапайым ішкі көрінісін дизайнер қолынан шыққандай етіп көрсетудің жолдары бар. Ол үшін көп қаражат шығарып шығындалудың қажеті жоқ. Бар болғаны қиялды іске қосу керек.


Қабырғаны ерекшелендіру

Қазіргі кездегі сәнді үрдістердің бірі – бөлмедегі қабырғалардың біріне аса басымдық беру. Мұны үйде тұрған, қалып кеткен түрлі бояулар немесе гипсокартон көмегімен жасауға болады. Егер бөлмедегі қабырғалардың түсі бірыңғай болып, біреуі басқа түсте немесе өрнектеліп тұрса, онда ол бөлменің өзіндік ерекшелігін көрсетеді.


Түссіз жиһаз немесе кішкене қиялға ерік беру

Қазіргі кезде түссіз жиһаздар сәнде. Бірақ оларды көп ретте сұлулық және фото салондар ғана қолданады. Алайда дизайнерлердің пайымынша мұндай жиһаздарды ас үйге немесе жұмыс бөлмесіне қоятын болсаңыз, онда бөлме сәнді әрі кең, ашық, көңілге жылу сыйлайтын болады екен.

Ал егер ақша шығарғыңыз келмесе, онда кішкене қиялға ерік беріп үйдегі жиһаздарды ашық түсті бояумен бояп немесе пішінін өзгертуге болады.



Терезе пішінді айна

Үй ішіне қатысты тағы бір сәнді бұйым, ол – айна. Қазір үй ішіне түрлі пішінде айна қою сәнге айналған, тіпті төбеге де қойып жатады. Айна үй ішін кең етіп көрсетеді. Ал терезе секілді айналар үй ішіне әдемі сән берері сөзсіз.


Бөлме гүлдері қойылған сөре

Гүлдерді терезе алдына немесе жерге қоюдың қажеті жоқ. Қазір гүл қоятын түрлі сөрелер бар (темірден, ағаштан т.б). Егер бөлме гүлдерін сондай сөрелерге қоятын болсаңыз, бұл сәнді әрі жинақы көрінеді.


Жарықтандырудың ерекше нұсқалары

Қазіргі кезде жарықдиодты шамдарды тек қана жаңа жылдық мерекеде ғана емес, үйдің сәні үшін де пайдаланылады. Балалар немесе жатын бөлмедегі фотолардың, кереуеттердің айналасын диодты шамдармен айналдырып қойса бұл үй ішіне ерекше жайлылық сыйлайды.


Бөлмедегі арақабырға

Арақабырға көмегімен тиімді кеңістік жасауға болады. Аралық қабырғаның гипсокартоннан немесе жабық болуы міндетті емес. Ол үшін ашық текшелі сөре (стеллаж) сатып алған дұрыс. Ашық текшеге бөлме гүлдерін немесе түрлі сувенирлер секілді заттар қоюға болады.


Терезе алдындағы орын

Бау-бақша немесе есік алдындағы, көшеге қараған терезе алдын жайлы демалыс орнына айналдырып алған жөн. Ол үшін терезе алдына кішірек диван немесе кресло, стол орындығымен қоюға болады. Терезеден табиғатқа қарап отыру жанға жайлылық сыйлайды, үй ішіне де ерекше сән береді.

Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ