Жаңалықтар

Қазақстанның Марокко мен Кубадағы елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен елшілер тағайындалды.

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда дәрігерге қаралу кезегін реттеуді талап етті

Енді Алматыдағы медициналық ұйымдар дәрігер қабылдауына электрон түрде жазылуға кедергі келтіретін шектеулерді жойып, қабылдау кестесінің үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз етуге тиіс.

АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады

Келісімнің болжамды жалпы құны 2,1 миллиард долларды құрайды.

Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

Тоқаевтың айтуынша, комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді.

Жайық өзенінің жағасында қамыс өртенді

Өрт ошағы жетуі қиын жерде орналасқан.