Өрт ошағы жетуі қиын жерде орналасқан.
ERNUR.KZ. Түнде Атырау қаласында, Дамба ауылынан шамамен 6 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің жағасындағы қамыс өртенді, деп жазады baq.kz.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, өрт ошағы арнайы өрт сөндіру техникасы өте алмайтын, жетуі қиын жерде орналасқаны анықталды.
Жер бедерінің ерекшелігіне байланысты өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырып, оның одан әрі таралуына жол бермеді.
Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 1 гектар аумақта толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.


