АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады

0
137

Келісімнің болжамды жалпы құны 2,1 миллиард долларды құрайды.


АҚШ Украинаға Patriot жүйесіне арналған 500 зымыран сатуды мақұлдады

© AP Photo / Scott Applewhite

ERNUR.KZ. АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған PAC-3 үлгісіндегі 500 зениттік зымыранды сатуды мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.
"Келісімнің болжамды жалпы құны 2,1 миллиард долларды құрайды және ол толығымен серіктестер мен одақтастардың қаражаты есебінен қаржыландырылады", – делінген баспасөз хабарламасында.
Бұдан бөлек, Киев PAC-3 MSE зымырандарына арналған қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ ілеспе логистикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету қызметтерін сұратқан.
Төлемді JUMPSTART бастамасы аясында Канада, Германия және Норвегия бөлетін қаражат, сондай-ақ Еуропалық Одақтың несие желісі бойынша бөлінген ұлттық қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр.