Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінген қаражатты бақылауды тапсырды

0
78

Тоқаевтың айтуынша, комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді.

Тоқаев

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылау маңызды екенін айтты, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан "Халықтық құрылыс" бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.