Жұлдыздардың тілін жазбай түсініп, оны адамзат тіліне аударушы мамандар алдағы аптаға да жорамал жасап, кеңестер әзірлеп қойды. Бәрі де Сіз үшін, оқудан бас тартпаңыз.
Фото: dropi.ru
Тоқты
Бұл аптада сізге аздап демалып, өмірдің ләззаты мен рахатын сезінуге мүмкіндік мол. Жолыңызда кезіккен адамдардың бәрі жақсы ниетте. Осы жетіде болған жаңа таныстықтардың келешекте көп пайдасы тиеді. Оларды өмір жолыңызда жылы жүзбен қарсы алып, тіл табысуға тырысыңыз.
Өзіңізге сеніңіз және маңызды деп санаған нәрселерден ешқандай жағдайда бас тартпаңыз.
Торпақ
Аптаның алғашқы жартысы әлеуметтік өміріңізге біршама тосынсыйлар алып келеді. Біреу сізден көмек сұраса, қол ұшын созыңыз. Бұл өзіңіз үшін де пайдалы боларына күмәніңіз болмасын.
Өміріңізде жаңа бір адам пайда болады. Онымен тіл табысуға тырыссаңыз, сүйікті жан немесе жақын досыңызға айналады.
Егіздер
Жеке өміріңізді қолға алып, біраз нәрселерді реттегіңіз келеді. Екінші жартыңыздың қателіктері мен кемшіліктерін ашып айтып, түзетуге ынталысыз. Егер осыны көңіліңіз қатты қаласа, уақытша нәрсе деп қарамай, табандылық танытыңыз. Өзіңізге ұнамайтын нәрсені түзеңіз.
Бұрыннан атқарып келе жатқан қызметтік міндеттеріңізді уақытынан бұрын орындап, жаңа жоба іздеңіз. Жақсы идея келсе, жүзеге асыруға асығыңыз. Өйткені, дәл осы күндер қарқынды еңбекке қолайлы да табысты болмақ.
Бұл жұлдызнамаға сенуге бола ма? Тексеріп көргіңіз келсе, өткен аптаныкін өз өміріңізбен салыстырып көріңіз:
8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?
Шаян
Сізді табысты, жетістікке толы жеті күтіп тұр. Қызмет барысына қатысты назар аудармай жүрген істер болса, кешіктірмей қолға алыңыз.
Маңызды тұлғалармен, басшылармен болатын кездесулерде де сәттілік сізге серік болады. Осы жылы аз тер төккен жоқсыз, көп еңбек сіңірдіңіз. Сол еңбектің еленуін, лайықты сый мен марапатты батыл түрде талап етуіңізге болады.
Арыстан
Тек өз пайдасын ойлайтын жандардың жетегіне ермеңіз. Өзіңізге тынығуға, оң мен солға мұқият қарап, жағдайды дұрыс бағамдауға, ойлануға мұрша беріңіз. Сонда бойыңыздағы қуат ағыны мен оптимизмді айқын сезінетін боласыз. Бұл сізді алға жетелейтін үлкен күш.
Бикеш
Мақсаты мен дәрежесі биік жобаларды қолға алыңыз. Бұл сіз үшін жаңа, бейтаныс жоба болса, білмегеніңізді білетіндерден сұраудан арланбаңыз. Жұлдыздар сізге осы күндері игі ниетті, көмектесуге әрдайым әзір тұратын жақсы жандарды жолықтырады. Олардың көмегімен жаңа нәрселерді үйреніп, жаңа әлемді ашасыз.
Бұл апта саяхатқа не қысқа сапарға шығу үшін де аса оңтайлы.
Бұл жұлдызнамаға сенуге бола ма? Тексеріп көргіңіз келсе, өткен аптаныкін өз өміріңізбен салыстырып көріңіз:
8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?
Таразы
Қызметіңізге қатысты істерде аса сақ болыңыз. Біреу сізді өзіне ғана пайдалы болатын іске не шешімге итермелеуі мүмкін. Сергек болыңыз. Түйсігіңізді ғана емес, ақыл-ойыңызды да тыңдаңыз. Сонда ойынның шарты мен қай ойыншының кімнің жағында екенін ажырата аласыз.
Сарышаян
Бұл аптадағы өміріңіз оқиғаларға толы болмақ. Ескі таныстарыңыздың есіне түсесіз, есігіңізді қонақтар жиі қағатын болады. Телефоныңызға да тыным жоқ. Жеке өмірдегі мұндай сапырылыстан шаршасаңыз, сізді құтқаратын орын — қызмет орныңыз ғана. Ал көпшіліктің ортасында жүрген ұнайтын болса, онда сіз үшін бұл апта керемет өтеді.
Әйткенмен, ең болмағанда демалыс күндерінде оңаша қалудың қамын жасаңыз.
Мерген
Жан-жақтан келіп жататын жағымсыз хабарлардан, көңіл көншітпейтін жағдайлардан болатын күйзеліс Сізді әбден шаршатты. Оларды естігіңіз де, білгіңіз де келмей, «құлақ қақпасын» жауып алдыңыз. Осының арқасында апта бойы көңіл-күйіңіз бірқалыпты болады. Өзіңізге де, өміріңізге де көңіліңіз тоқ.
Жақын күндерде қысқа мерзімді демалыс аласыз. Алаңсыз тыныққыңыз келсе, қызмет орнындағы шаруалардың бәрін тыңғылықты тындыруға асығыңыз.
Бұл жұлдызнамаға сенуге бола ма? Тексеріп көргіңіз келсе, өткен аптаныкін өз өміріңізбен салыстырып көріңіз:
8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?
Тауешкі
Маңызды шаруаларыңыз өз ырғағымен жасалып, шешіліп жатыр. Әйтсе де, көңіліңізді алаң ететін бір нәрсе бар. Ол өткенді сағыну, өкініштің өзекті өртеуі болуы мүмкін. Бұрын болған және қазіргі болып жатқан жайларды көп салыстырасыз. Салыңызды суға кетірмеңіз, әлі ештеңеге кеш емес. Түзетуге де, қайта бастауға да.
Суқұйғыш
Апта басында ерік-жігеріңізді жанып, күш жинап жұмысқа кірісу қиынға соғады. Шаруаларыңызды жүйелі түрде реттілікпен орындасаңыз, өзіңізге тым босаңсып кетуге жол бермейсіз. Жол бермеңіз де, өйткені, мойынға артылған міндеттерден бәрібір қашып құтыла алмайсыз. Енжарлық пен жалқаулықты жеңсеңіз, қаржылай марапатыңыз да дайын тұрады.
Демалыс күндері шаруаның бәрін қойып, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз немесе жақсылап тынығыңыз.
Балықтар
Соңғы уақыттардағы жетістіктер мен жоғалтқан нәрселеріңізді саралап, талдаудың уақыты жеткенін сезіп жүрсіз. Бұл істі бастасаңыз, өзіңізге тым талапшыл болмауға, өткір сын көзбен қарамауға кеңес береміз. Қандай да бір олқылықтың орнын тез толтырамын деп тырыссаңыз, мұнымен тек өзіңізді шаршатасыз. Одан да ұзақ мерзімді жоспар құрып, соны сабырмен, саналы түрде жүзеге асырыңыз.
Бұл жұлдызнамаға сенуге бола ма? Тексеріп көргіңіз келсе, өткен аптаныкін өз өміріңізбен салыстырып көріңіз:
8-14 қазан: бұл аптада өміріңізде не болар екен?
Аударған: А.Мейірханқызы,