Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
AP Photo / Dieu Nalio Chery
ERNUR.KZ. Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтіріп кетті, деп жазады sputnik.kz.
Желіде тараған ақпарат бойынша әйел көлігін тұраққа қойған. Сол сәтте күдікті көліктің есігін ашып, оған пышақ жарақатын салған. Марқұмның артында екі баласы қалды.
Полиция мәліметінше кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Ер адам әйелге пышақ жарақатын салғаны анықталды. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында көз жұмды", - дейді полицейлер.
Сондай-ақ ведомство күдіктінің полиция қызметкері екені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.


