​2023 ЖЫЛдың Сіз үшін ЕҢ СӘТТІ болатын АЙЫН білесіз бе?

0
6 070

Бұл айда қандай істі бастасаң да, тасың өрге домалай жөнеледі


​2023 ЖЫЛдың Сіз үшін ЕҢ СӘТТІ болатын АЙЫН білесіз бе?

Әр жылдың кей айлары сәтті болса, енді біреулері о бастан сәтсіздікпен «келісімшарт жасасып» қояды. Мұндай айларда қанша тырыссаң да, ісің кері кете береді. Ал сәтті айда қандай істі бастасаң да, тасың өрге домалай жөнеледі. Ендеше, 2023 жылы сен үшін қай ай сәттілікке толы, соны біл де, пайдалан.


Тоқты

Ең сәтті ай – ақпан. Иә, айдың жартысына жуығы өтіп кетті. Алайда, дәл қазір бастасаң, әлі көп нәрсеге үлгеруге болады. Бұл айда белгі иелерінің бойы қайдан келгені белгісіз, ғажайып бір күш-қуатқа толы болады. Өзіне сенімділік орнайды. Осындай қабілеттер мен қасиеттерге қоса, сәттілік серігің болса, сен бағындырмайтын биік болмайды. Ақпанда ойға да, қолға алған әр шаруа оңынан шешіледі. Тіпті ең миға сыймайды, ойға қонбайды деген идеялардың өзін жүзеге асыруға мүмкіндік мол.


Торпақ

Оларға сәттілік жыл соңына қарай келеді. Дәлірек айтсақ, қазанда. Оған дейін бірқалыпты ағыспен жүзіп, күнделікті тіршіліктен әріге аспаған жөн. Үлкен жоспарлар, ауқымды жобалар, түбегейлі өзгерістер, жаңа кәсіп сындыларды қазан айына қалдыра тұрған дұрыс. Бұл айда аса қатты күш салмаса да, мол қаражат қармап қалатын мүмкіндіктер туады. Мансап баспалдағында бір саты болсын көтерілуге ұсыныстар келеді. Жеке өмірде де махаббат, сезім, сыйластық, түсіністік сынды керемет күйлерге бөленеді.


Егіздер

Егіздер өзінің сәттілігімен тамызда табысады. Дәл осы ай белгі иелері үшін бақытты сәттерге, мол табысқа толы болады. Жеке өмірінде де оң өзгерістер осы кезде орын алады.


Шаян

Шілде – Шаяндар үшін осы жылдың ең есте қаларлық айы болмақ. Өйткені, оларға берілетін сәттіліктің сиқырлы таяқшасы осы айға жасырылған. Махаббат, мансап баспалдағында биіктеу, қалтада артық әрі мол қаражаттың пайда болуы – осының бәріне қол жеткізгің келсе, шілдеде ширақ бол.


Арыстан

Белгі иелері өзінің бойындағы бар қажыр-қайратын, табандылығын қыркүйекте оятып, іске қосса, дәл осы айда бар қалағаны орындалады. Өйткені, олар үшін жылдың сәтті айы – қыркүйек. Күздің алғашқы айында ең қиын шаруаларды, ең үлкен жоспарларды, ең жаңа жобаларды қолға алса, ойындағыдай атқарып шығады.


Бикеш

Белгі иелерінің алдында жаңа жол мен үлкен мүмкіндіктерді, ақша ағынын айқара ашатын ай – мамыр. Дәл осы айда бастауын алған жаңа іс, жаңа жоба мол әрі тұрақты табыс әкелетін үлкен кәсіпке, кіріс көзіне айналады. Сондай-ақ, мамырда жеке өмірінде де қуанышты жаңалық, оң өзгерістер күтіп тұр.

Таразы

Белгі иелері маусым айында қайдан келіп жатқаны белгісіз, ерекше күш-қуат ағынын сезінеді. Дәл осы ағын олардың еңбекте озат, әріптестер арасында үздік, жоғары мансапқа лайық, мол табыстың иесі, отбасында, басқа да орталарда көшбасшы болуына септігін тигізеді.


Сарышаян

Оларға көптеген естен кетпес бақытты сәттер сыйлайтын, жеңіс пен жетістіктің дәмін сездіретін, рухани және мансап жолында өсуіне септігі тиетін жаңа таныстықтар ұсынатын кез – желтоқсан. Жыл бойы жасаған қажырлы еңбегінің қарымын осылайша соңғы айда алады. Дәл осы уақытты тиімді пайдаланып, ең батыл шешімдерді қабылдап, тез арада әрекет жасап үлгерсе, жылды өте жемісті аяқтайды.


Мерген

Сәуір айында олар өздерін әлемдегі ең бақытты адам сезінеді. Себебі осы кезде шынымен де өмірінде оң өзгерістер орын алады. Қызықты оқиғалар, қызықтырарлық ұсыныстар, қосымша табыс көздері, маңызды, ықпалды және жай ғана жақын, сүйікті адамдармен таныстықтар – бәрі сәуірде. Жүрегі махаббатқа, қалтасы қаржыға толады.


Тауешкі

Белгі иелерінің айы оңынан туатын сәт қарашада басталады. Қызмет не жеке кәсібінде, жеке өмірде де жаңа мүмкіндіктер ашылады. Осыны барынша оңтайлы пайдаланып қалуға тырысып, қажырлы еңбектенуге тиіс. Оған күш салмаса, жеке өмірде де, қызметте де көп нәрсе жоғалтып алуы мүмкін.


Суқұйғыш

Дайын бол, себебі наурыз айы дәл саған көптеген сәттілік пен ақжолтай жағдайларды дайындауда. Наурызда орын алған жаңа таныстықтардың соңы өте пайдалы іскерлік байланысқа не үлкен достыққа апарады. Басың бос болса, ұлы махаббатқа ұласуы да мүмкін. Сондай-ақ, көктемнің бірінші айы – мол табыс көзі болатын жаңа бизнестің іргетасын қалауға ыңғайлы уақыт.


Балықтар

Қыркүйекте тағдыр қандай тосын сый ұсынса да, қуана қабылдай бер. Тіпті сынақ келсе де, сағың сынбасын. Керісінше «сабақ алатын болдым, осыны еңсерсем, еңсем бұрынғыдан да көтерілетін болады» деп сен. Өйткені, дәл осы айда басыңа не келсе де, сәттілік серігің болып, нәтижесі көңіл қуантады.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Интернеттегі АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП қала бересіз бе? СЕБЕБІ...