Ақша үшін адамдар не істемей жатыр? Тіпті, қылмыс жасауға да дайын. Сіз де ешкімнен қалыспай, бүкіл әлемдегі қаржы айналымынан өз үлесіңізді алуға талпыныңыз. Теріс пиғылмен, бұрыс әрекетпен емес, әрине. Ешкімге зияны жоқ, бірақ өзіңізге пайдалы болуы мүмкін нәрселермен. Мысалы, әмиян аларда оның түсін жұлдызыңызға сай етіп таңдауға болады. Иә-иә, астрологтар осылай еткендердің көп ұзамай табысы еселеніп, қаржы қоры молаяды дейді.
Тоқты
Бұл белгі иелеріне қызыл түс сәттілік пен молшылық әкеледі. Сондықтан, әмиян ғана емес, қолорамал, ұялы телефон тысы, жеке куәлік қаптамасы, ноутбук сөмкесі сынды бұйымдарыңыздың да түсі қызыл болса – құба-құп. Сонымен қатар, ақ, алқызыл, лимон сары түстер де сізді байлыққа қарай жетелейді.
Қара, көк және жасыл түсті әмияндарға қарамай-ақ қойғаныңыз дұрыс.
Торпақ
Міне, жасыл түсті әмияндардың иелері Торпақтар болуға тиісті. Ол көңіліңізден шықпаса, ақ немесе алқызыл түстілерін таңдаңыз, олар да ақшаны сізге қарай магнитше тартады. Тек, сары әмиянға қол созбай-ақ қойғаныңыз дұрыс.
Егіздер
Барлық жағдайға тез бейімделе кететін, көпшіл және жеңіл Егіздер үшін ең жақсы түс – сары. Әмияннан өзге тағы бірнеше бұйымын (мәселен, визитка қорабы немесе қолорамал) сары түстен ету артық болмайды. Жасыл, алқызыл, ақ түстер де орынды нұсқалар. Дүкен сөресіндегі көк және күлгін түсті әмияндарды Егіздердің еншілемегені абзал.
Шаян
Олар үшін бақыт пен байлыққа бастар түс – ақ, сары және қызыл. Әмиян таңдауда ғана емес, жалпы гардеробында осыларға басымдық бергені дұрыс дейді болжамшылар. Сақтану керек түстер – жасыл және оның барлық реңктері.
Арыстан
Сары және тоқ сары түстер, олардың барлық реңктері Арыстандардың ақшасын еселейді, молшылық өмірге жетелейді. Олардың алтынды, алтын түстес бұйымдарды жақсы көретіні үнемі айтылады. Бұл ретте де сол талғамына ерік бергені жөн болады. Арыстанның табиғаты мен жаратылысына сәйкес келмейтін түс – көк. Сондықтан, бұл түстен әмиян ұстамағаны абзал.
Бикеш
Табиғатынан еңбекқор да ұқыпты Бикештерге мол табысқа жетуге көк және көгілдір түсті әмияндар көп септігін тигізеді. Есесіне, жасыл, ашық сары, ақ және қызыл түстілерін басқа белгі иелеріне қалдыра салғаны дұрыс.
Таразы
Қатал, сонымен қатар әділ, ішкі рухы мықты Таразылар үшін байлық пен барлық коды – ақ, ақ сары, жасыл және аспан көк түстер. Ал, қара, сұр, күлгін және қою қызыл түстерден өз еркімен бас тартқаны жөн.
Оқи отырыңыз:
Әйелге қол көтеру кімдерге тән?
Сарышаян
Бұл белгі иелерінің түсі – қызыл, ақ, шоколадты қоңыр, тоқ сары және көк. Әмиян аларда осы түстердің бірінен болуын ескерсе, көп ұзамай табысы еселенеді. Ал, жасыл не ақшыл сары түстерді таңдаса, керісінше, кедейлікке душар болады.
Мерген
Олар үшін берекелі түстер – ақшыл сары, қанық сары, тоқ сары және жасыл. Әмияны осы түстерден болса, қаржылық операцияларына сәттілік әкеледі. Тек, күлгін және хаки түстерге тап келмесе болғаны.
Тауешкі
Ұстамды, байсалды, жинақы, еңбекқор және төзімді Тауешкілерге ақша шақыратын тсүтер – хаки, қоңыр, жасыл, көк, қара және сұр. Ал, алтын түстес пен қызыл әмияндарды алмағаны абзал.
Суқұйғыш
Көпшіл, бәріне дос пейілмен қарайтын, тәуелсіз Суқұйғыштарға аспан көк түсі сәттілік әкеледі. Сондай-ақ, күлгін, қызыл, тоқ сары түсті әмияндар да оларға жат емес. Қоңыр, қара не сұр әмияндар кезіксе, оларды басқа белгі иелеріне қалдырған дұрыс.
Балықтар
Қиялының шегі жоқ, шығармашыл Балықтарға сәттілік пен байлықты қолға түсіруге тоқ сары, сары, алқызыл және жасыл түстер көмектеседі. Ал, аяқ тартуға тиіс түстер – қанық қызыл, қара және күлгін.
Әмиянның тиісті түсін таңдап қойып, «алма піс, аузыма түс» деп отыра беруге болмайтынын баяғыда ұққан боларсыз. Бұл – сенім тудыруға себеп қана. Бүкіләлемдік айналымдағы ақшаның бір бөлігін өзіңізге қарай тарту үшін еңбектің және ең бастысы, таза ниеттің қажеттігін естен шығармаңыз.
Аударған: А.Мейірханқызы,