Әрбір адам — қайталанбас ерекше тұлға. Ал оның ерекшеліктері — мінез-құлқының жақсылы-жаманды жақтары өзгелерге жұмбақ. Бірін білсек, екіншісін білмей, түсінбей дал боламыз. Сізде де солай ма? Ойланып көріңізші, кімнің бойындағы ерекшеліктерін білгіңіз келеді? Жұлдыз белгілерінің өзі айтсын, сіз тыңдаңыз.
Фото: nu-i-nu.com
Тоқты
- Менімен дауласпа, бәрібір дес бермеймін.
- Алдымен әрекет етемін, сосын барып ойланамын.
- Басқалар тежегіш басқан жерде мен алға қарай атыламын.
- Әрдайым жас көрінуге тырысамын.
- Менен көргеніңді жаса, жаман болмайсың.
- Мен үшін ең қиыны — сұхбаттасымның сөзін соңына дейін тыңдау.
- Қыңыр-қырсықтық — жаман қылық емес.
- Өз эмоциямды басқарудан, сыртқы жағдайды басқару жеңілірек.
- «Екі қошқардың (Тоқтының) басы бір қазанға симайды».
- Ешкімге тиіспеймін, тиіскенге тиістісін беремін.
Торпақ
- Ақшамды саяхаттан аяп, сауда-саттыққа жұмсаймын.
- Маған ешкімнің ештеңесі қажет емес, менікіне ешкім көз тікпесін.
- Тартысып қарын тойдырғаннан, тып-тыныш аш отырғанды артық көремін.
- Жайлы орынға жайғасқанда мазамды алғанды жақтырмаймын.
- Сырттағы барлық демалыстан үйдегі диваным артық.
- Тамақтану тәртібі мен үшін маңызды.
- Дегустатор болу — мен үшін бақытты болумен пара-пар.
- Мәреден бірінші болып келу мақсатым емес. Екінші болсам да бәрібір, маңыздысы — қуатымды үнемдеу.
- Сапасыздықты суқаным сүймейді.
- Иесінің тілін тапсаң, қай үйден де тоқ шығасың.
Егіздер
- Кешегімді еске салма, бүгін мен басқа адаммын.
- Ақпаратты кім басқарады, билік те соның қолында.
- Бір бас — жақсы, екі бас — одан да жақсы.
- Барлық жерде барлық іске үлгеремін.
- Менің идеяларым — тез бұзылатын азық-түлік сияқты, ойға келгенде жасап тастауға асығамын.
- Кешіккенге қайрылмаймын, үлгермегенге мүмкіндік бермеймін.
- Өмірде өзімді суда жүзген балықтай сезінемін, тек, тереңге сүңгімеймін.
- Заманның барлық жетістіктері мен мүмкіндіктерін міндетті түрде кәдеме жаратамын.
- «Ә» дегене «мә» деймін, артық сөзім үшін жауап бермеймін.
- Мен үшін сападан көрі сан маңыздырақ.
Шаян
- Менің үйім — ол менің ғана үйім, қорғаным.
- Басқаларға қамқор болу — менің осы өмірдегі миссиям.
- Барлық нәрсенің артығымен болғаны жақсы.
- Кім күте біледі, сол мақсатына жетеді.
- Достарыңмен далада емес, үйде отырғаның жақсы.
- Жаныма ең жағатыны — толып тұрған тоңазытқыш.
- Арзан үш зат алғанша, бағалы бір зат алғаным жақсы.
- Оңаша қала алмайтын ортада өмір сүру — мен үшін ең қиыны.
- Өткен өмірім сөмкем секілді, үнемі арқамда тасимын.
- Киімді де, бұйымды да тоздырмаймын.
Арыстан
- Мен кез келгенді жарқын болашаққа жетелей аламын.
- Біреуден қолдау күткенше, өзгені өзім қолдағаным жақсы.
- Келісті келбет пен тартымды түр — табысқа жетуге керектінің жартысы осы.
- Күн мен үшін жарқырайды, жауын да мен үшін жауады.
- Кабинеттің кеңдігі жоғары жалақыдан маңыздырақ.
- Мол табыс табудан көрі, көп шығын шығаруды жақсы көремін.
- Үйде ешкім қолданбаса да, қымбат заттардың болуы міндетті.
- Сырт келбетім сүйкімді болғанымен, ішкі әлемім — өктем.
- Құласам, нардан құлағанды жөн көремін.
- Жаныңда мен бармын, басқасы не керек?
Бикеш
- Шыдам мен еңбек — бәрін де жеңбек.
- Менің қарапайымдылығым — ең жақсы қасиетім, ең әдемі келбетім.
- Өзім үшін өмір сүремін, өзгелерге қызмет етемін.
- Барлық жерде тәртіп керек: ойда да, үйде де.
- Мен үшін неге дайын екеніңді іспен емес, ойыңмен, сөзіңмен дәлелде.
- Қисық соғылған қабырға, қисық қағылған шеге — ең суқаным сүймейтін нәрселер.
- Ұсақ-түйек жұмыстарды басқалар жасасын, тек мен емес.
- Үлкен масштабта өзімді жоғалтып аламын.
- Әрбір Бикештің ішінде бір «хан» мен «ханым» отыр.
Таразы
- Қасымда серігім болмаса, өзімді сенімді сезінбеймін.
- Сөз таластырғанды суқаным сүймейді.
- Жеңілу арқылы жеңемін, келісу арқылы көндіремін.
- Тек ақымақтар ғана бірбеткейлікке бой алдырады.
- Кімді болмасын, неге болмасын сендіре аламын, соңымнан ерте аламын.
- «Сұлулық әлемді құтқарады» — даусыз тұжырым.
- Көңіл-күйіңе қарай әрекет ет.
- Мен үшін ең қиыны — таңдау жасау.
- Кейде кімнің жағында екенімді өзім де білмей қаламын.
- Қай істе де нүкте қоюға асықпаймын, үтір арқылы өзіме ойлануға мүмкіндік беремін.
Сарышаян
- Біреуді шағып алсам ғой, шіркін...
- Әрбір жағдай диван секілді, оның астында серпін беріп жатқан серіппесі бар. Мәселені шешу үшін соны табу керек.
- Күлу үшін де лайықты себеп керек.
- Өзіңді бәрінен босатуға болады, тек өз қызығушылығыңды құрбан етпе.
- Кез келген майданнан махаббат жайлы әнімді айтып шығып кетемін.
- Менің көзқарасыммен көпшілігі келісе бермейді, міндетті де емес.
- Өз қызығушылығым мен қажеттілігімді бірінші орынға қою — сирек жасайтын әрекетім.
- Жақсы адамдарсыз әлем құрдымға кетеді.
- Әдетте мен кактуспын, таңдаулылар үшін ғана гүлімді ашып, жұпарымды шашамын.
Мерген
- Жақсы адамдардың көп болғаны жақсы.
- Кімге қарыздар болсам, кімнің жақсылығын көрсем, ешқашан ұмытпаймын.
- Мен үшін ең жақсы демалыс — әлемді айналып саяхаттау.
- Мәселенің ең маңыздысы — оның көлемі.
- Маған ашулану, менің ісіме көңіл толмау мүмкін емес.
- Менің идеалым — өзімнен өзгелердің барлығы.
- Ар-ұяттың мазалауы — санамдағы тәулік бойғы жаңғырық.
- Жауапкершілік — адамның ең жақсы қасиеті.
- Алдын-ала уайымдау — ақымақтық, бәрін кезінде көреміз.
- Әрбір адамның бір нәрсеге жауапты болуы — міндетті, ерікті болу — ессіздік.
Тауешкі
- Мен — оза шабуды мақсат ететін желаяқ емеспін, жай ғана көппен бірге көретін «марафоншымын».
- Майдан алаңына шықсам, өзгелерді өзіммен ертпей, жалғыз шығамын.
- Заңды бұзбаймын, басқалар құтылар, мен тұтыламын.
- Бақытты болу үшін маған көп нәрсе қажет емес.
- Өмір пойыз сияқты, алдын ала белгіленген аялдамалары бар, бәріне өз уақытында жетіп отырады.
- Шетелге шыққанды емес, үйде отырып, олар жайлы әңгіме айтқанды жақсы көремін.
- Нағыз Тауешкіні табандылғыы мен ұстамдылығы ерекшелейді.
- Ең биіктен төменге тым болмаса бір рет қарау үшін өмір бойы тырбануға болады.
- Жыл өткен сайын жасаратын — мен ғана шығармын.
- Мақсатыма үнсіз жетемін, айдағаным неше ешкі болшса да, ысқырығым жер жармайды.
Суқұйғыш
- Басқаларға ұқсамау — менің басты ерекшелігім.
- Мен сен жайлы қандай ой қалыптастырамын, сен сондай болуға барыңды сал.
- Ырым-жырымға сену — ақымақтың ісі.
- Менің болашағым жарқын болуға міндетті.
- Періште болу — қиын, бірақ, болуға мен міндеттімін.
- Жақсы істі жасау-жасамау маңызды емес, ниет тура болса болғаны.
- Жаңашыл болу үшін алдымен ескіні естен шығару керек.
- Жеке өмір? Қарым-қатынас? Менің өмірімде одан да маңызды нәрселер бар.
- Бірінші кезекте достар, содан соң барып отбасы. Кезек пен уақыт жетсе, әрине.
- Менен қайырымды, менен аңғарымпаз адам жоқ шығар, сірә?
Балықтар
- Адамдарға көмектескеннен көрі аяныш білдіріп, жұбату маңыздырақ.
- Зиянды әдетерімнен бас тарта алмаймын, балықтың судан бас тарта алмайтыны секілді...
- Тәртіпті іш пыстыратын, қызықсыз адамдар ойлап тапқан.
- Арғы күні жасауға болатын істі ертең жасамаймын.
- Ешкімге ештеңеге уәде бере алмаймын, өйткені, орындай да алмаймын.
- Мен үшін асығыс, шала-шұрпы жұмыс істеу — тамақты шайнамай жұтқанмен тең.
- Мен бәрін де түсінемін, тек өзімді түсіне алмаймын.
- Тал болсаң, дауылдарда иілесің, кейін қайта бой түзейсің. Емен болсаң, қопарыла құлайсың.
- Бәрі менің үнемі бос емес екенімді біледі, тек неден бос емес екенімді білмейді.
- Маған қатты қысым жасаса, қысқан қолдан балық секілді сусып шығып кетемін.
Аударған: А.Бектұрғанова,