Есіміңіз НЕШЕ ӘРІПТЕН тұрады? Оның да ҚҰПИЯСЫ бар

0
16 541

Адамның мінез-құлқына атындағы әріп саны да әсер ететін көрінеді.


Есіміңіз НЕШЕ ӘРІПТЕН тұрады? Оның да ҚҰПИЯСЫ бар

Қай халық болмасын, балаға ат қоюда оның болашағына ықпалы тиетінін ескеретін болған. Қазақ танымында да солай. Ал, нумерологтар баланың аты ғана емес, оның неше әріптен тұратыны да болашақтағы өмір жолы, жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына қатысы бар дейді.


Үш әріп

Есімі үш әріптен тұратын кісілер – аяқасты және ұзақмерзімді шешім қабылдаудың шебері. Мақсатына жету жолында қанша күш пен уақыт жұмсау крек болса да, алған бетінен тайынбайды, ешнәрсе тоқтата алмайды. Оған қоса, өз пікірі мен көзқарасын өзгертуі де қиын. Сондықтан олармен пікір қайшылығы туындаса, дауласпаған дұрыс. Адал дос бола біледі және өте батыл.


Төрт әріп

Есімі төрт әріптен тұратындар үй шаруасына епті, шебер, ұстамды және әр ісін ерекше ыждағаттылықпен атқаруымен ерекшеленеді. Келбеті тартымды, табиғаты жұмсақ, сонымен бірге аздап қыңырлығы да бар. Өзгелердің ойында өзі жайлы жақсы пікір қалыптастыру, әсер қалдыру және мақтау сөздерді есту үшін көп күш жұмсайды.


Бес әріп

Егер есімде бес әріп болса, мұндай ат иелері мінезді және өздерінің бағасын біледі. «Киімге қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген ұстанымда. Соған сәйкес, киім киісінде мін болмауын және жүрген жерінде ақыл-парасатын паш етіп жүруді қатаң қадағалайды.


Алты әріп

Алфавиттегі алты әріптің басын құраған есім иелері үшін адамның сырт келбеті өте маңызды. Өз бойында осы жағынан көп жұмыс жасайды және жүздескен адамның да сырт келбетіне қарап баға береді. Айналасындағы адамдардың мақтау сөздерін, өзіне қарап сүйсінгенін күтеді. Аздап тәкаппар, сонымен қатар өз-өзін қамтамасыз еет алатын, қандай жағдайдан болмасын шыға алатын тәуелсіз.


Жеті әріп

Ныспыдағы жеті әріп иесінің бойында болашаққа деген нық сенім орнатады. Олар алдына мақсат қоя біледі, белсенді өмір салтын сүреді және барлық уақытта айналасында әділдік болғанын қалайды. Адамгершілік пен әділеттілік шекарасында бекіткен өмірлік ережелері мен ұстанымдары бар. Табиғатынан оптимистер қайтпас қайсарлық, сарқылмас қуатымен айналасындағыларға да жағымды энергия, мотивация сыйлап жүреді.


Сегіз әріп

«Сегіз әріп, бір арман» деп әнде шырқалғандай, шынында да сегіз әріпті есімнің иелері көпке арман. Себебі, өте сүйкімді, тартымды, әрқашан елдің назарында, көңілінде жүреді.

Тәуелсіз, өршіл, мінезі мықты, әрдайым үздік және алда болғанды қалайды. Қалаған нәтижеге қалай да болмасын қол жеткізеді.


Тоғыз әріп

Тоғыз таңбадан тұратын есім иелері үшін өзі жайлы басқалардың ойы өте маңызды. Қарапайым, жұмбақ, жағымды, сәл аңғал және ағынмен жүруді жөн көреді. Батыл қадам, тәуекелге бас тігу оларға тән емес. Тек 99,9% сенімді болған жағдайларда ғана өз бетінше шешім қабылдайды.


Он әріп

Есімінде он әріп бар кісілер «Барлығы немесе ештеңе» қағидаты бойынша өмір сүреді. Тұла бойы талант пен харизматикаға тұнып тұр! Қиындықтар мен өзгерістерден қорықпайды, мүмкін емес болып көрінетіннің мүмкін екенні дәлелдеуді ұнатады. Жарқын болашаққа сенеді. Өзіне деген сенімділігі мен мықты көшбасшылық қасиеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Шетелдік қай автордың шығармасы жаныңызға жақын?


Сізге қай ТІЛДІ меңгеру ОҢАЙ БОЛАДЫ?