Әйелдің ҚАМҚОРЛЫҒЫН қажет етпейтін ЕРКЕКТЕРДІҢ 3 ТҮРІ

0
876

Бұл «үштік» махаббат пен қамқорлықтан тұншығады. Оған жылу берген сайын суып, сіз жақындаған сайын алыстай түседі.


Әйелдің ҚАМҚОРЛЫҒЫН қажет етпейтін ЕРКЕКТЕРДІҢ 3 ТҮРІ

Сурет: astrolog.plus

Ер-азаматтардың көбі әйелдің қамқорлығын жақсы көреді. Жылы сөзін, мақтағанын, тамақты өзі салып бергенін, киімін тауып, кигізіп жібергенін қалайды. Бұл қажеттілікті бастапқыда анасынан, әпке-қарындасынан, кейін жұбайынан алады. Кей әйелдердің ерін «тұңғыш балам» дейтіні содан.

Бірақ, ерлердің бәрі бірдей емес. Әйелдің асты-үстіне түсіп өбектегенін, жағдайын жасағанын жақтырмайтындар да бар екен. Олар кімдер?


Егіздер

Еркіндікті бәрінен жоғары бағалайды, бұл оларға ауадай қымбат. Сондықтан әйелінің қамқорлық танытып, қал-жағдайын білу үшін телефон соққанын, хат жазып, халін сұрағанын суқаны сүймейді. Жұбайы жайылып жастық, иіліп төсек болған сайын одан алыстай береді. Ең дұрысы, мұндай күйеумен тең дәрежелі ересек адамдардың қатынасын құру. Әркім киім, тамақ, т.б. өз қажетін өзі істеп алады. Екеуара ортақ істер мен қызығушылықтарда ғана бас қосып, тізе біріктіру, басқа кезде бір-бірінің мазасын алмау бұл қарым-қатынасты берік етеді.


Таразы

Бұл жігіттер де еркіндікті жақсы көреді. Кез келген қамқорлық пен сұрамаса да жасалған жақсылықты еркіндікке қол сұғу, жеке кеңістігіне басып кіру ретінде қабылдайды. Таразы күйеуіңізге қамқорлық көрсеткіңіз келсе, мұны байқатпай, білдірмей жасау керек. Жақсылығыңыз майда-шүйде үй шаруасынан әрі асып кетпесін. Мысалы, өзі жоқта жейдесін үтіктеп, қайта орнына іліп қойыңыз. Тамақ пісіргенде оның сүйікті тағамдарын жасаңыз. Ең бастысы, оған ешқашан «Сен үшін мынаны жасадым» деп міндет қылмаңыз. Жай ескерту үшін де айтудың қажеті жоқ.


Сарышаян

Сарышаянға күніне бір реттен артық телефон соғып, хал-жағдайын сұрадыңыз ба? Ендеше, келесі қоңырауларыңызға бір-екі апта бойы жауап бермей қойса, таң қалмаңыз.

Қамқорлық көрсетіп, махаббатыңызды білдіргіңіз келсе, ол үшін тау қопарудың қажеті жоқ. Жағымды ұсақ-түйектермен шектеліңіз. Ал сізді өздігінен іздегенін, назар аударғанын қаласаңыз, көз алдында көлбеңдемей, бой тасалай тұрыңыз. Тіпті біраз уақытқа жоқ боп кетуге де болады. Сонда ғана ол бір-біріңізге керек екендеріңізді түсінеді. Осыдан кейін махаббатын қайтару жолында бірден іске кірісіп, сіз үшін тау қопаратын болады.


Бұл «үштікті» әйелдік айла-тәсілдермен бағындыру мүмкін емес. Махаббатпен, қамқорлықпен ұстап тұрам десеңіз, тағы қателесесіз. Ондайдан тұншығады. Жылу берген сайын суытып, жақындаған сайын алыстатып аласыз.

Ең дұрысы, әркім өз болмысы мен тәуелсіздігін сақтап қалуы. Екі адам бір-бірін жақсы көріп, бірге болуды қаласа, қамқорлық пен қысымсыз да жап-жақсы одақ құра алады. Оның туын құлатпаудың бір шарты – еркіндікті шектемеу, ересек пен бала позициясында болмау, дәрежелерді тең ұстау.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ӨЗІ ҮШІН ғана ӨМІР сүретіндер: 5 БЕЛГІ