Илон Маск өз рекордын жаңартып, қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды

0
210

Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті.


Илон Маск өз рекордын жаңартып, қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды

ERNUR.KZ. Америкалық миллиардер, X әлеуметтік желісінің иесі, SpaceX және Tesla компанияларының бас директоры Илон Маск тағы да әлемдегі ең бай адам атанды, деп жазады Stan.kz.



Шетелдік БАҚ мәліметінше, 22 қараша күні Илон Масктың таза байлығы 347,8 миллиард долларға жетті. Бұл нәтиже Tesla акцияларының ішінара үздіксіз өсуіне байланысты. Сондай-ақ Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі бизнесменді саяси алаңға алып келді.




Маск алдыңғы рекордын 2021 жылдың қарашасында орнатқан. Ол кезде оның байлығы – 340,4 миллиард доллар болған.

Ал екінші орынды 219 миллиард доллармен Джефф Безос иеленді.