Қандай ҚАТЕЛІКТЕН сабақ алмай, ҚАЙТАЛАЙ бересіз?

0
559

Осы әдеттен құтылмайынша, өміріңіз қиындай береді


Қандай ҚАТЕЛІКТЕН сабақ алмай, ҚАЙТАЛАЙ бересіз?

Қателік – әр адамда болады. Бірақ, одан сабақ алып, келесіде қайталамау – даналық. Ал бір түскен орды келесіде айналып өтпеу – ақымақтық.

Қателік құнды тәжірибе бергенмен, өмірімізде титтей де болсын кері әсерін қалдырады. Оны жиі қайталай берсе, зияны еселене түседі. Сіз қандай жаңсақтыққа жиі жол бересіз?


ТОҚТЫ

Мұңайып, салы суға кеткен сәттерде өз көңілін көтерудің орнына мұңды әуен мен аянышты оқиғалар тыңдайды. Бұл хәлін одан әрі нашарлатып, өмірден түңілуге жетелейді. Есін жиып, тұңғиықтан шығуына біраз уақыт пен күш керек болады.


ТОРПАҚ

Өзін құтқарушы періште не әлемдік қаһарман сезінетіндей. Мүмкіндіктерін есепке алмастан, бәріне көмекке ұмтылады. Елге берген уәдесін орындаймын, жәрдемдесемін деп жүріп, өз шаруасы жайына қалады.


ЕГІЗДЕР

Сәл ғана сәтсіздікке тап болса, себебін бірден өткен өмірінен іздейді. Артта қалған күндерді қайта түзете алмайтынын біле тұра, өкініштің өзегін өртеуіне жол береді. Бұл қазіргі жағдайды, жасауға тиіс қадамдарын суық санамен бағамдауына кедергі. Салдарынан салы суға кетіп, бірден беріледі, тез жеңіледі.


ШАЯН

Күндіз 10-15 минутқа көз шырымын алу – пайдалы дағды. Ал «көз шырымын алайыншы» деп жатып, бірнеше сағатқа ұйықтап қалу – жаман әдет. Бұл әдет сізді көп шаруадан қалдырады, жоспарларыңызды бұзады, адамдардың ренішін туғызады.


АРЫСТАН

Кез келген ортада өзіңіздің «патша» екеніңізді білдіру абырой әпермейді. Осы әдетіңіз үшін сыртыңыздан мақтаншақ, менмен, тәкаппар деп сөгетіндер көп. Сіздің жаныңызда өзін жайсыз сезінетіндіктен, қашқақтайтындар да баршылық. Сонда да қоймайсыз...


БИКЕШ

Ауа райына қарап киінуді үйренетін уақыт әлдеқашан жеткен. Ал сіз әлі де күн ыстықта қабат-қабат оранып шығып, суық күні жеңіл-желпі киіне саласыз. Кейінгісінің салдарынан жиі ауырып қаласыз. Сонда да ауа райы болжамына қарап жүруді үйренбедіңіз.

ТАРАЗЫ

Барлық шаруаны тындырып тастауға асықпай, созбақтай беретініңіз жаман. Соңғы сәт таяғанда жанталасып жүгіресіз. Онда да үлгерсеңіз жақсы ғой. Көбіне үлгермей қалып, талай рет кесірі тиді. Уақыт таяғанда алашапқын болғанша, алдын-ала қамданғыңыз келмей ме?


САРЫШАЯН

Сарышаяннан «Қалың қалай?» деп сұрамай-ақ қою керек. Өйткені еститін жауап біреу-ақ: «Бәрі тамаша!» Іші өртеніп, жаны күйіп, жүрегі жарылып, әлемі төңкеріліп жатса да. Нәтижесінде оған ешкім көмек қолын созбайды, себебі керек деп ойламайды. Жүгінің жеңілдемеу себебі осы.


МЕРГЕН

Олар ақша жинай алады. Бұл – жақсы әдет. Бірақ, қанша уақыт тыраштанып жиған-тергенін бір-ақ сәтте болмашы оны-мұныға жұмсап жіберетіні жаман. Артынан «Бекер болды» деп қанша рет бармақ тістесе де, сабақ алмайды. Әйтеуір бір күні әлсіздік танытып қайталап қояды.


ТАУЕШКІ

Жақсы көретін, жақын адамдарына сезімін білдірмеу үшін барын салады. Эмоциясын жасырады. Кейде тіпті ішкі сезімін аңғартпау үшін әдейілеп дөрекі сөйлейтіні бар. Неге екенін өзі де білмейді. Мұның дұрыс емес екенін мойындаса да, қайталамаудың амалын таппай әлек.


СУҚҰЙҒЫШ

Ертеңге бүгін дайындалмау күннің сәтсіз аяқталуына апарады. Әсіресе, маңызды шаруаларыңыз болса. Айталық, таңертең ерте бір жерге бару керек болса, не киетініңізді түнде анықтап, әзірлеп қою, жатарда телефонды қуат көзіне жалғау, қажетті заттарды сөмкеге салып қою деген сынды. Осыны әлдеқашан түсінсеңіз де, ертеңгі күнге түннен бастап қамдануды құнт қылмай-ақ қойдыңыз.


БАЛЫҚТАР

Өкпе-реніш – денсаулық үшін де, өмірге де зиян. Ал оны білдірмей, ішке сақтау одан да қатерлі. Айтылмай қалған реніштің өзіңізге қандай ауыр жүк болатынын талай рет сезіндіңіз ғой. Ендеше, ашық айтуды үйренуге не кедергі? Балықтардан басқа біреу болса, әлдеқашан бастап кетер еді.

Аударған: Бек КЕРІМ,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

ОСЫ күні туғандарда МИЛЛИОНЕР болуға мүмкіндік көп